– Бүгіннен бастап жолдарды, саябақтарды және гүлзарларды күтіп ұстау бойынша қызмет көрсететін барлық мердігерлік ұйымдар аялдамаларды, орындықтарды, тірек қоршауларын, қоқыс жәшіктерін, бағдаршам нысандарын, бағдаршамдарды шақыру таблосын арнайы қоспамен өңдеуді бастады. Сондай-ақ, күніне бір рет балалар мен спорт алаңдарында дезинфекция жүргізіледі, – деп хабарлады ол.
Облыс орталығында күн сайын 400-ден астам аялдама павильондары, 2000 орындық, жаяу жүргіншілер шақыру құрылғыларында 92 шақыру таблосы өңдеуден өткізіледі.
Осы міндеттермен айналысатын төрт мердігер ұйымның жұмысын аудандық әкімдіктер мен коммуналдық шаруашылық бөлімі күнделікті бақылап отырады.
Ал «Қарағанды Су» ЖШС ауыз су сапасын бақылау зертханасы бастығының міндетін атқарушы Елена Гниломедова дезинфекция жұмыстарының қандай ерітіндімен жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Оның айтуынша, «Қарағанды Су» ЖШС-нің зертханасы күн сайын шоғырлануы 0,1% кальций гипохлориді негізіндегі мөлшері 400 текше метр болатын, зарарсыздандыратын қасиеттерге ие хлорлы дезинфектант әзірлеп шығарады екен.
Қарағанды облысы