Үкімет • 19 Наурыз, 2020

Жол талғамайтын көліктер шекара шебінде

278 реткөрсетілді

Шекара қызметінде қолданыстағы қару-жарақтар мен техникаларды жаңғырту, жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Жуықта Мемлекеттік шекараның оңтүстік және батыс шебіндегі қолайсыз жерлерде «ALGA» маркалы отандық өндірістен шыққан жол талғамайтын көліктермен қатар ведомствоның жөндеу зауатында жетілдіріліп, қайта жабдықталған «УАЗ Фермер» және «ГАЗ Егерь» автокөліктері сынақтан өткізілді.

Көрсетілген автомашиналар жалпы ұзақтығы 3 мың шақырым қиын жол жүрсе, оның ішінде 2 мың шақырым жолсыз жерден өтті.

Сынақ физикалық-географиялық жағдайы нашар, сондай-ақ құмды бетпақ және сор-батпақ, тұзды, сулы жерлермен екі апта бойы өткізілді (Қызылқұм құмдары, Арал теңізіндегі Барса келмес аралы, Үстірт). Автошеру қозғалысына табиғи құбылыстар – қар, жаңбыр және құмды боран қиындықтар туғызды.

Алайда, аталған автомобильдік техникалардың барлығы сынақтан сүрінбей өтті. Ведомствоның жөндеу зауытында қайта жабдықталған жол талғамайтын көліктер қиын кедергілерден өту кезіндегі техникалық шыдамдылығы, қозағалыс жылдамдығы, жүрісінің жайлылығымен көзге түсті. Олар Барса келмес аралына өтер кездегі тұзды, құй-батпақтан және терең судан еркін өтті.

Қазақстанда жасалған «ALGA» жол талғамайтын көліктері әртүрлі шетелдік аквтобөлшектерден құрастырылса да, өзінің жоғарғы техникалық мүмкіндіктерімен қуантты. Атап айтқанда, қозғалтқышының күші, жоғарғы деңгейдегі жайлылығы (салондағы шудың аздығы, алда кетіп бара жатқан көліктің түтіні мен жолдың шаңы ішке кірмейді, кондиционерлік ауасорғыш және аудиожүйе), сондай-ақ бағасының және жанар-жағармай шығынының ақылға сыйымдылығымен аталған жол талғамайтын көліктер қолданыстағы «УАЗ» (Хантер және т.б.) автокөліктеріне жақсы альтернатива болып отыр.

Мемлекеттік шекараның учаскесінде автотехниканы сынақтан өткізуді Ведомство басшысы тікелей қадағалап отырды. ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры жұмыс қорытындысын оң бағалай отырып, тиісті бөлімшелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Шекарашылар аталған отандық техникаларды алғашқы болып сынақтан өткізіп отыр. Сондықтан да, жуық арада шекара бөлімшелерінде жол талғамайтын отандық «ALGA» автокөліктерінің пайда болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлерге алғыс білдірді

Елорда • Бүгін, 21:19

Бейқамдыққа жол берілмеуі керек

Руханият • Бүгін, 19:44

Коронавируссыз Қостанай

Аймақтар • Бүгін, 19:27

Күріш экспортына кедергі жоқ

Аймақтар • Бүгін, 18:35

Әлем үнемделе бастады

Әлем • Бүгін, 18:23

Шымкентте індет жұқтырған тағы 8 адам анықталды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 17:36

Кәдімгі бір Қыдыр-ата сияқты

Әдебиет • Бүгін, 17:27

Ұқсас жаңалықтар