27 Тамыз, 2013

Аймақта алға басу бар

340 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

IMG 5592-1Қызылорда облысындағы іргелі ауданның бірі – Қазалы. Қай жағынан алсаңыз да үлкен ұмтылыстың бар екенін көресіз. Ауданда өндіріс, ауылшаруашылық, индустриялық-инновациялық бағдарлама, өнеркәсіп, сауда-саттық салалары бойынша зор өзгерістердің барын байқаймыз. Осы тұрғыда Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жахановты әңгімеге тарттық.

 

IMG 5592-1Қызылорда облысындағы іргелі ауданның бірі – Қазалы. Қай жағынан алсаңыз да үлкен ұмтылыстың бар екенін көресіз. Ауданда өндіріс, ауылшаруашылық, индустриялық-инновациялық бағдарлама, өнеркәсіп, сауда-саттық салалары бойынша зор өзгерістердің барын байқаймыз. Осы тұрғыда Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жахановты әңгімеге тарттық.

– Бақыт Дүйсенұлы, әңгімемізді ауданның даму барысы туралы бастасақ. Қай нәрсе болмасын, салыстырмалы түрде қарағанда айқындалады ғой. Былтырмен салыстырғанда биыл ауданда қандай өзгеріс байқалады?

– Қазалы өңірі облыс аумағындағы «Тарихы – кенен, тамыры – тереңге» жа­й­ыл­ған өндірісі мен өнеркәсібі, ауыл ша­руа­шы­лығы мен кәсіпкерлік саласы дамыған ірге­лі аудан екені белгілі. Дегенмен, өт­кен­ді саралап, бүгінгіні бағамдап, бола­шақ­ты бағдарлап отыру әрбір адамның негіз­гі ша­руасы ғой. Сол секілді, ауданның алға шық­қан тұстарын, жетіспей жатқан жер­ле­рін сараптап отырмаса, істің қалай бет алып бара жатқанын біле алмайсыз. Об­лыс орталығынан шалғайда жатқа­ны­мыз­бен, әлеуметтік-экономикалық даму көр­сет­­кішіміз көш басында. Биылғы жыл­дың алғаш­қы алты айы бойынша негізгі капи­талға салынған инвестиция көлемі 7053,2 мил­лион теңгені құрап отыр. Өткен жыл­дың осындай кезеңімен салыстырғанда ин­вес­тиция көлемінің 5,9 есеге өскенін байқаймыз.

Мысалы, өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнімнің көлемі 4328,4 миллион теңгеге жетті. Ал өңдеу өнеркәсібі бойынша 3238,3 миллион теңге көлемінде өнім өндірілді. Оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу бойынша «РЗА» АҚ, «Сыр маржаны» ЖШС сүт, ет, күріш өнімдерін өңдеумен айналысады. «СПК Қызылорда балық» ЖШС балық өнімдерін өңдеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Енді осыларды таратып айтып көрейін. «РЗА» АҚ-тың 2013 жылдың алғашқы 6 айында 4732,269 тонна өнім өндірді. Ақшаға шаққанда ол 440,5 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған ұжымда 565 бас сауын сиырдан бір күнде 14300 литр сүт сауылады. Ет өнімдерінің өндірісі былтырмен салыстырғанда 14,4 тоннаға кем болып тұр. Дегенмен, оның да өзіндік себептері бар. Өйткені, былтыр ет өндірісіне басымдық берілді. Ал биыл мал басын көбейту басты бағыт болып отыр. Күріш өніміне келсек, «Сыр Маржаны» ЖШС биылдың алты айында 2084,0 тонна өнім өндірді. Бұл салада да алға ілгерілеушілік байқалады.

IMG 0679-1

P1180114-1

– Бұл енді ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты айтылар сөздің бір парасы ғой. Ал құрылысқа қажетті өндіріс саласы қалай дамып жатыр?

– Құрылыс экономикасы дамыған елде ғана қарқын алады емес пе? Бүгінде әлем­дік қаржы дағдарысына қарамастан еліміз­дің қай түкпіріне барсаңыз да жаңадан салы­­нып жатқан нысандарды көреміз. Бұл үрдістен қасиетті Қазалы жері де тыс қалып отырған жоқ. Өңірде құрылыс саласы жыл өткен сайын жанданып салынатын құры­лыстар қатары көбейіп келеді. Осыған орай жергілікті кәсіпкерлер құрылысқа қажетті дүниелерді өзімізде шығару үшін бірнеше жобаларды қолға алып, жұмысын бастады.

Атап айтар болсақ, «Асыл Ғани», «Жылу ХХІ» серіктестіктері мен «Құрылыс материалдарын жабдықтау басқармасы» ЖШС-ның Қазалы филиалы тарапынан резеңке және пластмасса өндіру бойынша 6263,0 мың теңгенің құрылысқа қажетті пластикалық бұйымдары өндірілді. Облыс орталығынан тысқары жатқан аймақ үшін бұл айтарлықтай табыс. Ө ткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру көрсеткіші 2,1 есе өсіп отыр.

Химиялық өнеркәсіп саласында «Ша­пура Қазалы» ЖШС-ы 1148,0 мың теңгенің өнімдерін (оттегі) өндірген. Ал, металл емес минералдық өнімдерді өндіруде «МО-1» мекемесі бірталай жақсы істің басында жүр. Жолға, құрылысқа қажетті темір-бетон құрылғыларын қазір сырттан тасымаймыз. Оның бәрін аталған мекеме өзімізде шығарады. Биылдың өзінде «МО-1» ЖШС-ның және «Құрылыс материалдарын жабдықтау басқармасы» ЖШС-ы Қазалы филиалы, «Асыл Ғани» ЖШС-ы 227,14 миллион теңгенің өнімін өндіріп, нақты өнім көлемінің индексі 128,0 пайызды құрады.

Машина жасау саласында да көшіміз ілгері. Аудандағы «Қазалы локомотив жөн­деу зауыты», «Қазалы вагон жөндеу зауы­ты» секілді іргелі ұжымдардың табысы 1382 миллион 227 мың теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 113,2 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда, машина жасау бағытында жұмысын тоқтатқан «Локомотив сервистік орталығы» ЖШС-ның материалдық-техникалық базасында жаңа жұмыс орындарын ашуға байланысты жобалар қаралуда.

Мұнымен қатар, «Қазалы құрылыс» ЖШС-і тарапынан жеке инвестициясы арқылы сағатына 60 тонна өнім шығаратын «Асфальт зауыты» және жаңа технологиялы темір-бетон бұйымдарын шығаратын 2 шағын цехы пайдалануға берілді. Бүгінде онда 7 түрлі өнім шығарылып, жергілікті құрылысқа пайдаланылуда. Жоғарыда айтып кеткен, «МО-1» ЖШС-ы Қазалы филиалы жалпы құны 120,0 миллион теңге болатын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту жобасы» бойынша жалпы аумағы 3200 шаршы метрлік жаңа алаң мен темір жол тұйығы салынып, 32 тонналық 2 кран және жылжымалы КК-2032 көтергіш, арнайы балкалар таситын платформа турникет алынды. Қазіргі таңда кәсіпорында 12607,9 тонна темір-бетон бұйымдары өндірілді. Аталған бұйымдар стандарттарға сәйкес дайындалып, тек біздің ауданда ғана емес, республика аумағында пайдаланылуда. Жалпы, онда айына 20-30 түрлі темір-бетон блоктар, плиталар өндіріледі. Ал «Қазалы Жолшы» ЖШС-ы «Асфальт зауытын іске қосу жобасын» қолға алды. Сөйтіп, «Нұр Лизинг» АҚ арқылы жалпы құны 41,0 миллион теңгелік жұмысты бастап кетті. Бүгінде 200 тонна асфальт өндіретін «L-800» маркалы зауыт іске қосылды. Серіктестікте жыл басынан бері 6652 тонна асфальт өндірілді. Зауытта қосымша өндіріс көлемі ұлғайып келеді.

– Ал кәсіпкерлерге қандай нақты қолдау көрсетіп отырсыздар?

– Елбасы тәуелсiздiк алғаннан бастап елдегі шағын және орта бизнестi дамытуға айрықша көңiл бөлiп келе жатқаны мәлiм. Осы салаға жасаған қамқорлығын бүгінде аудандағы барлық кәсіпкерлер сезінуде деп толық айта аламын. Мемлекеттік маңызы бар көптеген бағдарламалар қабылданып, соның арқасында кәсіпкерлердің өз ісін алға қарай дамытуына жағдай жасалды. Жеңілдетілген несиелер де беріліп жатыр. Оның үстіне облыс басшысы Қырымбек Елеуұлының нақты бастамасымен биыл облыста «Ақниет» жобасы іске аса бастады. Ал аудан бойынша соңғы алты айда барлығы 66 адамға 377,287 миллион теңге несие қаржысы берілді. Былтырғы жылы осындай кезеңде 66 адам несие алған еді. Бірақ оларға берілген қаржының көлемі 135,1 миллион теңгені құраған болатын. Салыстырып қарасаңыз, айырмашылықтың қандай екені бірден көзге түседі.

Біз кәсіпкерлерге тек несие беріп қана қоймаймыз. Олардың біліктілігін арттыруға, бизнесін одан әрі дамытуға қатысты жұмыстарына да көмек көрсетудеміз. Қызылорда облысы бойынша «Даму» АҚ аймақтық филиалының мамандарымен ағымдағы жылдың 19-20 маусымында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында тренинг-курстар өткізіліп, ісін жаңадан бастағалы жүрген 27 адамға арнайы сертификаттар табысталды.

2013 жылдың ақпан айында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңбе­­­рінде көрсетіліп жатқан қолдау құрал­дарын насихаттау мақсатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшылары, «Даму» АҚ-ы мамандары мен екінші деңгейлі банк филиалдарының қызметкерлерінен құрылған жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен аудан тұр­ғын­дарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» және басқа да кәсіп­керлікті қолдау бағдарламалары бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті да­мытуға, жеке кәсіпкерлерге қолдау көр­сетуге «Консалтингтік Компания ПРЭКО Қызылорда» ЖШС жән