Дүниені дүрліктірген коронавирус індеті тұтас әлемді бір тарының қауызына сыйғызып жібергендей. Жалпы, жақын уақытта жұқпалы дерттің емі табылып, жаһан жұрты қалыпты тұрмыс ырғағына түскенімен, әлемдегі тіршілік дағдысы енді бұрынғыдай болмайтыны анық.

Алдымен ғаламшардағы өмір сүру тәртібі өзгеретіні сөзсіз. Экономика мен экологияның, әлеуметтік жағдайдың қалай құбылатыны мемлекеттердің саяси жүйесіне байланысты болатыны заңды. Бірақ, бұл сынақтың адамзат санасын өзгертуге қаншалықты ықпалы болғанын қандай өлшеммен бағамдаймыз? Амандық болса, бұл сұраққа әлемнің ойлы адамдары жауап бере жатар, ал қиын-қыстаудан өткен отандастарымыз үшін басқа сауал маңызды болатын сияқты. Өйткені, жұқпалы індеттің алдын алу мен жолын кесуге қатысты жүргізілген шаралар қазақтың әлі де қалалық ұлтқа айналмағанын анық көрсеткендей. Оның бір дәлелін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласына карантиндік шектеу енгізу туралы Жарлығынан кейін орталық қалаларды бір күн ішінде мыңдаған адамның тастап шыққанынан байқауға болар. Әрине, індет жайлаған ортадан үдере қашудың аймақтардағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ешкім ойлап жатпады. Бұл жерде вирус қауіпі жайлы ақпараттың жеткіліксіздігі мен жеке тұлғаның жауапсыздығы да анық білінді. Бейресми дерек бойынша, карантин хабары жария болған сәттен бастап Алматы қаласының аумағынан жарты миллион шамасындағы адам басқа аймаққа кеткен екен. Демек, осынша жанның алып мегаполисте тек нәпақа үшін ғана тіршілік етіп жүргенін бағамдауға болады. Немесе бұл топтағыларды үлкен қаланың құндылығын сезініп үлгермегендер қатарына жатқызсақ па екен? Яғни, ауылдағы қазақтың жаппай қалаға қоныстана бастағанына 40 жылдай уақыт өткенімен, ортақ ортада өмір сүруге лайық ұлттық менталитет қалыптаса қоймағанын мойындауға тиіспіз.
Бір қырынан алғанда, бұған қуанымыз да керек сияқты. Өйткені, қала мәдениетіне жұтылмаған әлеуметте қазақтың байырғы рухани құндылығы сақталып отырғаны анық. Тарихи сананы айтпағанның өзінде, ұлттық тіл байлығы, түпсаналық мінез-құлық, дәстүрлі өнер коллариті қаладағыдай жаһандану үрдісі мен субмәдениет салқынына ұшырай қойған жоқ. Сондай-ақ бұл мемлекеттік тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қабылдап, халық санасын қайта түлетуді стратегиялық мақсат етіп алған ел үшін негізігі тұғырнама екені тағы даусыз. Деп келгенде, қазақ ұлтының болмысы ауылдық өңір мен дала тұрмысынан ешқашан ажырамайтынын уақыт пен тосын қатер сынағы да дәлелдеп отыр. Есесіне, мемлекет енді өз азаматтарының сындарлы сәттегі таңдауымен санаса отырып, коронавирустан кейінгі даму жоспарына Қазақстандағы ауылдарды көркейту басымдығын бірінші қосуы тиіс.
Екінші жағынан алғанда, бұл ауыл шаруашылығына арқа сүйеген мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жол ашатын жаңа бағыт болатыны анық. Сосын, індеттен кейінгі қалыпқа келу кезеңі өткесін әлем жұртының тіршілік дағдысы өзгеретінін айтып та, сезіп те отырмыз. Экономиканың заңдылығы мүлдем басқа ережелерге көшетіні белгілі. Әлеуметтік жағдай тіптен. Оның ішінде адам баласының азық-түлік тұтынуына қатысты ұстанымы мүлдем жаңа бағыт алуы кәдік. Індетке дейін де дамыған ел тұрғындары өндірістік жолмен жасалған жартылай фабрикат тағам мен жылдам әзірленетін фаст-фуд өнімінен бас тартып, табиғи үрдістегі тамақ түрін таңдай бастаған еді. Әсіресе, жасанды технологияда дайындалған ұн мен баламалы тәсіл арқылы өндірілген ет өнімдерінен жаппай бас тарту кезеңі иек астында тұрған-ды. Мұны дүниежүзінің саяси-экономикалық дамуын айқындайтын білгірлер мойындап та отыр. Тіпті, футурологтар таяу болашақта жер шары тұрғындарына табиғи жолмен өндірілген ұн мен ет өнімдерін ұсынатын салмақ Еуропадан ауып, Орта Азияға қарай көшетінін тұспалдағалы көп бола қойған жоқ. Сондағы емеурін дала топырағында өскен бидайдың ұны мен тірі шөп жеп жетілген малдың еті жайында болса керек. Әлгі тізімде мал басы толық Моңғолиямен қатар, көрші Өзбекстанның аты аталғаны бізді ойландыруы тиіс. Яғни, Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты ауылдарды өркендету арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытып, нәтижесінде әлемдік тұтыну нарығына сапалы өнім шығаруға қол жеткізуге бағытталады деп сенеміз. Болмаса, қазіргі жағдайда ауылдардың жағдайы сын көтермейтіні жасырын емес. Оның бір өкінішті себебін қала жағалаған қазақтың саны мен агломерация аумағындағы адамдардың әлеуметтік қамтылуының ара салмағынан-ақ байқауға болатындай.
Қазіргі дерек бойынша, еңбекке жарамды тұрғындар үлесінің 40 пайызы ғана ауылдық өңірді мекен етеді екен. Онда да негізгі жұмыс көзі ауыл шаруашылығында, жер өңдеу мен мал бағуды кәсіп еткендер үлесінде. Ал ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, қайта өңдеу саласы тым кенжелеп қалды. Есесіне, жалпы экономикалық көрсеткіш бойынша ауыл шаруашылығының экспорты жыл сайын өсіп келеді. Яғни, Қазақстан әлі де шет ел үшін шикізат дайындап беруден аса алмай отыр. Осы жерде бір мысал келтірейік. Статистикалық мәліметтерді сараласақ, өткен жылы елімізде 269 миллиард теңгенің ет және ет өнімі өндіріліп, нақты өсім 8,1 пайызды құрапты. Бәрекелді. Бірақ, бұл сомада шекара асқан тірі мал үшін төленген ақшаның үлесі қомақты екен. Яғни, шикізат экспортының... Қараңыз, былтыр экспортқа шығарылған ірі қара малының басы 156 мыңнан асқан. Бір қызығы, қазақтың малын сатып алушылардың көш басында көрші Өзбек елі тұр екен. Олар біздің сыртқа кеткен тірі малымыздың 78 пайызын нақты ақша беріп алған. Ірі қара былай тұрсын, Өзбекстан уақ жандық сатып алудан да қара үзіпті. Мысалы, былтыр 264 мың басқа жуық қой экспортқа шығарылса, оның 78 пайызы, яғни 200 мың бас тоқты-торым Тәшкенге бет түзеген екен. Экспорттың қалған 8,1 пайызы Ресейге, 6,7 пайызы Әзербайжанға кеткен. Ал алыс шетелден келіп қой сатып алушы ел қатарында Иран ғана бар, олардың экспорттағы үлесі 4,5 пайыз шамасында...
Айтпақшы, ауызды қу шөппен сүртуге тағы болмайды. Қазір елімізде ауылдық жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын құруға арналған «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында Алматы облысының аумағында атқарылған шаруа жайын айтпай кету әділетке жатпас. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына биыл Алматы облысының 21 елді мекені енгізілген екен. Былтыр да арнаулы мақсатта қаржы бөлініп, оның игілігін ауыл тұрғындары көре бастапты. Өткен жылы аймақтағы жеті ауданның орталығындағы ауруханаларды, мектептерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және ауылдардың ішкі жолдарын күрделі жөндеуге 6,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл сомаға 45 жоба іске асырылды.
- Бұл бағдарламаны халық өте жақсы қабылдады. Әсіресе, тұрғындардың 80 пайызы ауылдық жерді мекендейтін біздің облыс үшін біраз мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазір бағдарлама аясында Алакөл, Балқаш, Ескелді, Көксу және Ұйғыр аудандарында бес дене шынықтыру -сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Биыл өңірдегі 21 ауылда 37 жоба іске асырылады, бұған жалпы құны 14,4 миллиард теңге қаржы қарастырылған, - дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды
Күрес • Бүгін, 22:30
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар