27 Тамыз, 2013

Жас ғалымдарға қолдау көрсетілмек

272 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистерге дәстүрлі брифинг өткізіп, аптаның маңызды іс-шараларымен таныстырды.

 

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистерге дәстүрлі брифинг өткізіп, аптаның маңызды іс-шараларымен таныстырды.

«Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен еліміздің солтүстік облыстарында болады. Сапар аясында ел Президенті егін жинау науқаны мен аймақтардағы негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысады. Ал Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкімімен 2 қыркүйекке ел Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысын шақырғаны баршаңызға мәлім. Парламенттің V шақырылымының 3-сессиясын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, депутаттар алдында заң қабылдау саласында жаңа негізгі бағыттарды айқындап беру жоспарланған», деді А.Әбибуллаев брифингте сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, ресми өкіл 29 тамызда әлемдік қауымдастық Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтетініне тоқталды. «Бұл күннің басты мәні – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері жөніндегі ұстанымына, сонымен қатар, жекелеген елдермен ядролық сынақтарға жан-жақты түгел қамтитын тыйым салу туралы Шарттың күшіне енуі үшін тез арада оны ратификациялауға деген үндеуді күшейту», деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, А.Әбибуллаев алдағы аптада Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамызда жалпыұлттық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңды қабылдауымыздың 18 жылдық мерейтойын атап өтетінін, осыған орай, 29-30 тамызда Астанада БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуроодақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Венеция комиссиясы атынан 19 елдің және алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негізгі стратегиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылатынын атап өтті.

Бұл күнгі брифингке сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов та қатысып, «Қазақстан-2050» Стратегиясында анықталған ғылым дамуының жаңа тармақтарымен таныстырды. Вице-министрдің айтуынша, ол тармақтардың біріншісі – жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметін белсенді дамыту, екіншісі – шетелдің ғылыми қауымдастығымен бірігу, ірі халықаралық жобаларға қатысу, үшіншісі – ғылымның экономикаға нақты үлесі, ғылым мен бизнестің бірлестігі, мемлекет-жеке меншік серіктестіктің алдыңғы қатарлы тетіктерін енгізу. Сондай-ақ, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты ғылыми қамтамасыз ету жұмысы да көкейкесті болмақ.

«Осынау ірі міндеттерді шешу үшін бірқатар негізгі тетіктерді енгізу жоспарлануда. Бірінші тетік – ғылыми кадрларды дайындау сапасын қатаң бақылауды енгізу. Бұл жерде басты рөлді жоғары оқу орындары жанындағы докторантура, яғни ғылыми кадрларды дайындаудың жаңа жүйесі атқарады. Екінші тетік – жас ғалымдарды қолдау. Осыған байланысты материалдық ынталандыру мәселелері әзірлену үстінде. Олар: ғылыми атақ үшін қосымша ақы, үздік зерттеулер мен инновацияларды енгізгені үшін ғалымдарға Елбасы бекіткен әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық. Қолдаудың тағы бір түрі жас ғалымдар үшін жыл сайынғы конкурстарды өткізу үшін гранттық қаржыландыруды әртараптандыру болып табылады», деді вице-министр.

Мұрат Орынханов сондай-ақ, үшінші тетік жоғары оқу орындарының ғылымына қолдау көрсету екенін атап өте келе, қазіргі таңда жоғары оқу орындарының ғылымы ғылыми қызмет қатысушыларының жалпы санының 67 пайызын құрайтынына тоқталды. «Бұл өз кезегінде, сапалы білім алу үшін жаңа білімді құрудың маңызды қоры болып табылады. Ал төртінші тетік – елге жаңа зияткерлік күш-қуат тарту. Бұл тәжірибе Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай, Канада, АҚШ елдерінде, жалпы алғанда, инновациялық даму жағынан көшбасшы елдерде қолданылады. Бесінші тетік – отандық зерттеушілердің танымал рейтингілік журналдарда жариялану белсенділігін материалдық ынталандыру. Жалпы алғанда, бесінші тетік кадрлық әлеуетті арттыруға, әлемдік деңгейдегі көкейкесті зерттеулер жүргізетін бәсекеге қабілетті ғалымдарды қолдауға бағытталған. Алтыншы тетік – ғылыми-зерттеушілік қызмет саласында халықаралық әріптестікті дамыту. Қазіргі таңда 30 елмен екіжақты негіздегі ха