Қаржы • 31 Наурыз, 2020

Жаңа салық мөлшерлемесі енгізіледі

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі наурыздың 20 мен желтоқсанның 31 аралығында «0» түзету коэффициенті келесі салық мөлшерлемелеріне қатысты қолданылатынын хабарлайды.

Жаңа салық мөлшерлемесі енгізіледі

Ауданы 2000 шаршы метрден кем емес ірі сауда нысандарының, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорттық-сауықтыру кешендерінің иелері – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығы;
Ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы;
Жалпы белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы (БСК 101202).

2020 жылғы 27 наурыздан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде келесі салық мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылады:

Туризм, тамақтану және қонақ үй қызметтері саласындағы заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы;
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына бензин мен дизель отынының экспортына акциздер (авиациялық жанармайды қоспағанда).

2020 жылдың 27 наурызы мен 1 маусымы аралығында микро, шағын және орта бизнес үшін келесі жеңілдіктер қарастырылған:

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі кейінге шегерілді;
Уақытында орындалмаған салық міндеттемесі және салық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлемелі өндіріп алу шараларын тоқтатылды (жоғары тәуекел санатына кіретін салық төлеушілердің 2% қоспағанда. Компанияңыздың санатын тексеріңіз);
Төтенше жағдай кезінде орындау мерзімі келген камералық бақылау туралы хабарламаны орындау мерзімі ұзартылды:
Мемлекеттік кірістер органдарының төтенше жағдай жариялау кезеңінде жүргізген тексерулерінің өткізу мерзімі тоқтатылды;

27 наурыздан 1 қазанға дейінгі мерзімге:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімге кіретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату мен импортына ҚҚС мөлшерлемесі 8% дейін төмендетілді.