Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Вирус жұқтырмаудың басты жолы - оқшаулану

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалиннің Үндеуінде осы мәселеге басымдық берілген.

Вирус жұқтырмаудың басты жолы - оқшаулану

Ақтөбе аймағында коронавирус жұқтырған тағы бір адамның тіркелуіне байланысты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Соған байланысты кеше Ақтөбе қаласы мен облысы аумағында ерекше жағдайдағы шектеу режимі енгізіліп, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын орзалин өңір тұрғындарына Үндеу жариялады. Мұнда ерекше жағдайдағы шектеу режимі, яғни оқшаулану –адамдар өмірін сақтаудың және өзгелерге қауіп тудырмаудың алғыгарты екендігі айтылған.

Бұдан әрі облыс басшысы тұрғындарға арнаған Үндеуінде олардың Полиция, Ұлттық Гвардияның жеке құрамы, арнайы құрама және Қорғаныс Министрлігінің әскери Күштері төтенше жағдай мен ерекше жағдайдағы шектеу щеңберінде көрсетілген тәртіптерді іске асыруын дұрыс түсініп, дұрыс қабылдауы қажеттігіне тоқталған. Оның мәлімдеуінше өңірде азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұған алаңдаудың қажеті жоқ. Дезинфекциялық залалсыздандыру заттары қорынан да тапшылық болмайды. Сондай-ақ науқасқа шалынғандарды оқшаулауға және медициналық көмек көрсетуге қатысты орындар мен құрал-жабдықтар қарастырылған. Оларға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Өңірде құрылған арнайы штаб күндіз-түні іс үстінде. Ақтөбе қаласында және тұтастай облыс аумағында су, жылу, электр жарығы және көгілдір отыннан үзіліс болмайды. Әрі барлық мекемелер мен қоғамдық орындар да және көшелерде санитарлық дезинфекциялық тәртіп қатаң сақталады делінген бұдан әрі Үндеуде.

 

Ақтөбе