Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Шымкентте төтенше жағдай кезінде қылмыс төмендеген

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресми мәліметтерге сәйкес Шымкент қаласының аумағында СOVID-19 короновирусын жұқтырған 3 жағдай тіркелген.

Шымкентте төтенше жағдай кезінде қылмыс төмендеген

Коронавирустың пандемиясына сәйкес республикамыздың кейбір аймақтарында ұрлық пен мүлікке қатысты өзге де қылмыстардың өскендігі туралы БАҚ-да ақпараттар таратылған еді.

Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы елімізде төтенше жағдай жарияланғалы, яғни осы жылдың 15-ші наурызы мен 31-ші наурыз аралығында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстылық 23 пайызға төмендегенін хабарлайды.  

Жеке меншікке қарсы қылмыстардың барлық түрлері төменгені байқалады.

Атап айтқанда, жалпы ұрлық 43, оның ішінде пәтер ұрлығы 57, ұялы телефон ұрлығы 41, тонау 50, қорқытып алу 80 пайызға азайды.

Бұзақылықтардың орын алуы 78 пайызға төмендеп, сәйкесінше қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар да азайған.  

Бұл қылмыстардың көпшілігі ізі суытылмай ашылуда.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары мен оның салдарынан жарақат алғандардың саныда 10 пайызға төмендеген.

Осы статистикалық көрсеткіштер профильді қызметтердің төтенше жағдай кезінде қылмыстылықпен күресудегі атқарып жатқан оңды жұмыстарының нәтижесі екендігін атап өту қажет.

Қаламыздағы қылмыстылық жағдайын хабарлай отыра, қала прокуратурасы барлық тұрғындарды короновируспен күресу барысында уәкілетті және мемлекеттік органдардың талаптарын қатаң сақтап, төтенше жағдай біткенше оқшаулануға шақырады.    

 

 Шымкент