Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте – Дәурен Абаев

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай ережелерін сақтаған жағдайда елдегі карантин ертерек аяқталатынын айтты.

Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте – Дәурен Абаев

«Әрбіріміз үйде болуымыз керек. Осы ережені неғұрлым дұрыс жасасақ, карантин де соғұрлым тез аяқталады. Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте. Ешкім эпидемиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек», деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының кешегі мәлімдемесінде айтылған барлық шаралар жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың кепілі болмақ.

«Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша нақты жұмыс жоспары мен Ұлттық қорда жиналған қаражат бар.  Осы ретте қорға  қаражат жинау туралы шешім Елбасы көрегендігінің тағы да бір дәлелі деп айтуға болады», деді министр.