Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

103 қызметінің 103-бригадасы: фельдшер Бахаудун

552 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отандық медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі іске қосылып жатыр. Бұл бағытта жұқпалы індетпен күрес кезеңінде дәрігерлердің табысы қайта есептеліп, қауіп-қатер сатысына байланысты жекелеген сыйақы белгіленбек. 

103 қызметінің 103-бригадасы: фельдшер Бахаудун

Мысалы, енді «Қауіптілігі аса жоғары» санатына жататын реанимация бөлімшелері мен инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 20 есе үстеме ақы төленеді. Яғни, медицина қызметкерінің айлық табысы 850 000 теңгеге дейін жетеді. Ал «Қауіптілігі жоғары» санатқа кіретін провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері мен орта және кіші медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы 10 орташа айлық табыс көлемінде белгіленіп, оларға берілетін еңбек ақы 425 000 теңге шамасында болмақ. Сондай-ақ, «Қауіптілігі орташа» санаттағы карантиндік стационар дәрігерлері мен орта, кіші медицина қызметкерлері, санитар –дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жедел жәрдем көлігінң жүргізушілеріне де 5 есе үстеме төленіп, айлық табыстары 212,5 000 теңгені құрамақ.

Жетісуда да жұқпалы індетпен күресуге жұмылған дәрігерлер еңбегін бағалаудың жаңа шарасы жасалды. Осы мақсатта жұмсалатын қаржы көзін есептеу Алматы облысында да жүргізілуде. Өңірдегі  дәрігерлер мен тәртіп сақшыларын қаржылай қолдау үшін облыстық бюджеттен 137 млн теңге бөлінеді. Алайда, ақ желеңді абзал жандар өз жұмыстары үшін артық ақы талап етіп, кәсіби парыздарын бұлдаған емес. Әсіресе, ауылдық жердегі дәрігерлер уақытпен санаспай еңбек етуде. Оның бір мысалын аудандардағы «Жедел жәрдем» стансасының жұмысынан байқауға болады.

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы  ауруханасына қарасты жедел жәрдем қызметінің фельдшері Бахаудун Тұрған да өзі ісіне адал берілген жан. Жас та болса жауапкершілігі жоғары дәрігерлік қызметтің парызын терең ұғынады. Бахаудун осы топырақта туып, өскен. Мектептен кейін Шелек медицина колледжіне оқуға түсіп, оның «Емдеу ісі» бөлімін тәмәмдады. Фельдшер дипломын алғасын қалаға, үлкен орта іздеп Алматыға кеткен. Мегаполистегі 12-клиникалық ауруханада, 4-аурухананың жедел көмек бөлімінде медбауыр болып еңбек етті. Сосын, туған жері – Шелекке оралды. Қазір аудандық ауруханаға қарасты жедел жәрдем қызметінің 103 бригадасында фельдшер.

- Коронавирус инфекциясының таралуы біздің жұмысымызға қосымша салмақ түсіріп жатқаны рас. Бірақ, өз міндетімізді мүлтіксіз атқара береміз. Өкінішке қарай, індет жұқтырған адам аудан аумағынан анықталды. Қазір ғана шақырудан оралдық. Тұрғын өзін жайсыз сезінген екен, жедел барып, қызуын, қан қысымын өлшеп, көмек көрсеттік. Адамдар дүрбелең жасамай, карантин талаптарын сақтаса екен. Үйде отыру – індет таралуының алды налатын бірден бір жол. Науқастарға осын түсінідіріп жатырмыз, - дейді 103- бригада фельдшері Бахаудун Тұрған.

 

 

Алматы облысы