Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Оныншы адамнан жұқпалы індет белгісі анықталды

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған оныншы адам анықталды. Науқас 1950 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны екен.

Алматы облысы: Оныншы адамнан жұқпалы індет белгісі анықталды

Зейнеткердің 3 сәуір, яғни кеше дене қызуы көтеріліп, басы ауырған. Жағдайы ауырлағаннан кейін Қарасай ауданындағы Мерей ауылының дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген. Тексеру нәтижесі тұрғынның қан құрамынан короновирус инфекциясы барын көрсеткен.

Қазір науқас Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде оқшауланған. Зейнеткермен байланыста болған тағы 10 адам анықталып, сақтық шарасына сай ауруханаға жатқызылды.

 

Алматы облысы