Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны – 30 (11 мемлекеттік, 19 ж/м). Ағымдағы жылы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту форматында білім берілуде.
«College SmartNation» қашықтықтан оқыу платформасы – 28 колледж, ал «Portal» қыту платформасы – 1 колледж. Атап айтсақ, білім алатын студенттер саны – 26 308. Оның ішінде Шымкент қаласынан – 16 311 (62,2 %), елдімекендерден – 9 997 (37,9%), практикада жүргендері – 2 836 және сырттай білім алатындар – 879.
Сондай-ақ онлайн жүйесі – 17 166 (65%), оффлайн жүйесі – 3 198 (12%), ұялы байланыс (WhatsApp) – 5 944 (23%), 19 ж/м колледжге «College SmartNation» қашықтықтан оқыу платформасы 16 наурыздан бастап орнатылды.
- Бұл бағытта өзекті мәселелерді шешу жолдары да қарастырылуда. 12 ж/м колледжде басшылық, мұғалім тәжірибесі, интернет жылдамдығының төмендігінен кері байланыс, теориялық, практикалық, үй тапсырмасы, сабақ кестесі, пәндер толымдылығы бойынша мәселелер жоқ емес. Алайда оның шешу жолдары бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ға тапсырма беріліп, платформа авторларымен онлайн режимінде оқу семинарлары ұйымдастырылуда, - деді Ж. Тәжиева.
Колледжердердегі педагогтар мен қызметкерлер саны – 2 462. Білім саласындағы қызметкерлердің айлық жалақысы өз мерзімінде төленуде.
Айта кетсек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша штаттық режимде жұмыс істейтіндер – 120 әкімшілік, техникалық қызметкер; шеттетілген режимде жұмыс істейтін педагогтар – 2 277. Ал кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысындағы қызметкерлер – 65.
ШЫМКЕНТ