Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Шымкент: Сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізеді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлайды. 

Шымкент: Сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен жүргізеді

«Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!» - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады.