Әлем • 06 Сәуір, 2020

Түркияда вирус жұқтырғандар саны 27 мыңнан асты

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 27 069-ға жетті.

Түркияда вирус жұқтырғандар саны 27 мыңнан асты

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сай, 6 сәуірде вирус жұқтырғандар саны 27 мыңнан асып, қайтыс болғанда 574-ке жетті. Осы күнге дейін елді 181 445 адамға тест жасалған. 1 381 кісінің жағдайы ауыр. Жақсы нәтиже де жоқ емес. Министрлік 1 042 адамның дерттен жазылып шыққанын хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, 5 сәуірде 20 065 адамға тест жасалып, оның 3 135-нен вирус анықталған. Кеше 73 адамның вирустан қайтыс болғаны мәлім болды. 256 адам жазылып, ауруханадан шыққан.

Естеріңізде болса, Түркияда вирус жұқтырған алғашқы адам 10 наурызда тіркелген болатын. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, вирус жұқтырғандардың күннен күнге еселеп артып жатқанын айтты.