04 Қыркүйек, 2013

Қарусыз әлемге қадам

419 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бейбітшілікті қалайтын дүние жүзі халықтары көк байрағы желбіреген Қазақстанға құлақ түріп, «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты Астанада дәстүрлі түрде өтетін халықаралық конференция жаңалығын естігенше асығатын болды. Қырық жыл бойы ядролық жарылыстардан көз ашпай келген қазақ жеріндегі сынақтардың бір күнде тоқтатылуы әлемді дүр сілкіндірген тарихи оқиға болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Бейбітшілікті қалайтын дүние жүзі халықтары көк байрағы желбіреген Қазақстанға құлақ түріп, «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты Астанада дәстүрлі түрде өтетін халықаралық конференция жаңалығын естігенше асығатын болды. Қырық жыл бойы ядролық жарылыстардан көз ашпай келген қазақ жеріндегі сынақтардың бір күнде тоқтатылуы әлемді дүр сілкіндірген тарихи оқиға болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Ядролық жарылысқа әлем елдері арасынан алғашқы болып Қазақстанның батыл қадам жасауын Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың саясаткерлік көрегендігі, халқының қамын ойлаған көсемдігі деу орынды. Қиын да күрделі кезеңде Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойған Мемлекет басшысының бұл қадамы ерлікке пара-пар еді. Бүгінгі таңда Қазақстан ядролық қаруға қарсы қозғалыстың дүниежүзілік көшбасшысы болып қалыптасты.

Қазақстандық бейбітшілік қадамдар 2011 жылы АҚШ-та өт­кі­зілген «Ядролық қарулар тарат­пау» атты самитте, 2012 жылы Оңтүстік Корея астанасы Сеул­де өткен самитте дүниежүзілік қол­дау­ға ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Бас Ассамблеясы Астана­да бастау алған Елбасы Н.На­зар­баевтың 29 тамызды Ядро­лық сынақтарға қарсы халық­ара­лық іс-қимыл күні ретінде бел­гі­леу ұсынысын толық қолдап, бекітті. Осы бейбітшілік қадам Қазақ­станның абыройын жоғары көтеруде. Осы бейбіт қадамдарды қолдауда ақын, Алаштың асыл азаматы Олжас Сүлейменов бастаған Қазақстандағы халықаралық сы­наққа қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниежүзілік «Бей­біт­шілік естелігі» реестріне кіргізілді. Бүгінде Елбасының бейбітшілік қадамдарын Қазақстандағы аза­мат­тық қоғам аясында құрылған ең алғашқы үкіметтік емес ұйым – «Невада-Семей» толыққанды қолдап келеді.

Мен өзім де осы қозғалыстың құрамында жүріп Батыс аймағы филиалын құруға ұйытқы болдым. Жарылыстардың зардаптарын әшкерелеуге, сынақ алаңдарын жабуға атсалысқанымды өзім­нің азаматтық ұстанымым деп есептеймін. Семей сынақ поли­го­нының жабылуына делегат болып қатысқанымды мақтан тұта­мын. Азуы алты қарыс ірі мемле­кет­тердің өздері әліптің артын бағып отырғанда, Елбасының Се­мей сынақ алаңын жабуы тарихи оқиға екені сөзсіз. Қазақстан ядролық жарылыстар болған жерлерге әлеуметтік көмек көрсетуді жылма-жыл белсенді қолдап келеді. Олардың ішінде Капустин-Яр, Азғыр, Ембі-5, Нарын, Тайсойған секілді елді мекендер бар. Мәселен, 2012 жылдың қазан және 2013 жылдың наурыз айларында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұрындық болып, Капустин-Яр, Азғыр, Тайсойған, Нарын елді мекендерінің халқына әлеуметтік көмек көрсету мәсе­лесін бес министрлік өкілдері, Пар­ламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар талқылады. Арнайы Үкімет қаулысы шықты. Бүгінгі күнде нақтылы көмек шаралары орындалуда.

Президент Н.Назарбаевтың осы бейбітшілік саясатын қол­дауда жергілікті жерлерде де жұ­мыстар жүргізілуде. Бұқара халық оңды жұмыстарға куә болуда. Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының Батыс аймақтық филиалы соңғы екі жылда ғылыми-тәжірибелік конференция, 12 оқу орнында «Бейбітшілік сабағын» өткізіп, «Таза табиғат пен ядролық қарусыз ғасырға», «Қасірет пен сенім» кітаптарын шығарып, «Ақиқат-тағдыр» телефильмін түсірді. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс елді мекенінде 2012 жылдың 3 қазанында «Ядролық сынақ құрбандарына» арналған стелла-ескерткіш ашылды. Бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітшілік саясатын қолдау мақсатында және Ақтөбе жеріндегі соңғы атомдық жарылыстың 25 жылдығына арналды. Астанадан, Алматыдан, Семейден, Орал, Атырау, Ақтау, Қостанайдан кел­ген антиядролық қозғалыс белсен­ділері өз ризашылықтарын білдірді. Жергілікті әкімдер мен қоғамдық ұйымдар белсенділік көрсетті. Ал, биылғы жылдың 29 тамызы күні Семейдегі Түйемойнақ аралында «Бейбітшілік мұражайы» кешені ашылды. Яғни, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біздің қозғалысымыз тәуелсіз Қазақстанымыздың жалпы эко­логиялық жағдайының жақсаруына өз үлесін қосып келеді.

Былтыр 29 тамыз күні Семей қа­ласында өткен дүниежүзілік ғы­лыми-тәжірибелік конференцияда а