Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан тіркелді, олардың біреуі вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған, екінші науқас 6 сәуір күні ауыр сырқатпен жедел жәрдем арқылы ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Үшінші науқас Алматы қаласынан қызмет бабына байланысты ұшақпен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды. Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
07.04.2020 жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 32 адам анықталды. Соңғы тіркелген үш науқас туралы ақпаратты Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32