Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Жеті адам COVID-19 жұқтырған

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында тағы да жеті адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Бұлар бұған дейін коронавируспен ауырған  және карантинге жатқызылған науқастармен аралас-құралас болған адамдар. Қазіргі уақытта олардың барлығы инфекциялық бокстарға оқшауланды  және тиісті ем-дом алып жатыр.

Қарағанды облысы: Жеті адам COVID-19 жұқтырған

Бүгінгі жеті адамды қосқанда, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 55-ке жетті. Бір науқас осы дерттен қайтыс болды.

Жалпы, Қарағанды облысында 1 440 адам үй карантинінде отыр. Тәулік бойы бақылауға алынған 908 тұрғын бар, оның ішінде 54-і инфекциялық боксқа жатқызылған. Бұлардың бәрі 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) оралған немесе коронавирус жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.