Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Павлодар облысында Жедел әрекет ету орталығы іске қосылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталықтың міндеті - тұрғындарды ақпараттандыру, өзекті сауалдарға жауап беру деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында Жедел әрекет ету орталығы іске қосылды

Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары  Сәкен Шаяхметов мәлім етті.

- Карантиннің енгізілуіне байланысты 24 сағаттың ішінде жедел әрекет  ету орталығы құрылды, - дейді Сәкен Шаяхметов. – Бұл орталық бүгін базалық режимде іске қосылды. Кейбір техникалық сұрақтарды ретке келтіру керек. Орталықта 80 адам тіркелген. Олар –  басқарма басшыларының орынбасарлары, ауыл шаруашылығы, ТҮКШ, жұмыспен қамту және тағы басқа  барлық негізгі қызметтер қамтылатын салалардың мамандары.

Спикердің айтуынша, бірінші кезекте өтініштер мен сұрақтарды қабылдау 109 нөмірі арқылы жүргізіледі. Түрлі басқармалардың араласуын талап ететін мәселелерді шешу үшін 130 нөмірі енгізілді.

 – Қазіргі таңда операторлардың саны артты, – дейді облыс әкімінің орынбасары. – Егер стандарттан тыс сұрақ туындаған жағдайда  орталыққа бағыттайды. Ол жерде бір сағаттың ішінде сұрақтар шешімін табады. Сауалдардың басым бөлігі бірінші контакті деңгейінде шешіледі. Егер де қосымша басқа мамандардың көмегін талап етсе, біраз уақыт қажет болады.