Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қандастарға қолдау көрсетілді

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 студентке азық-түлік және антисептик, бетперде үлестірілді.

Қандастарға қолдау көрсетілді

Әлемді жайлаған індет салдары қоғамның барлық саласына кері әсерін тигізіп отыр. Осындай ауыртпалықты ел болып көтеру сын сағаттағы маңызды міндет.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қоры Шығыс Қазақстан облыстық фронт-кеңсесі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінде білім алып жатқан этникалық қазақ студенттерге қайырымдылық жасады.

к

Іс-шара барысында 26 студентке азық-түлік және антисептик, бетперде үлестірілді. Көмекке қамтылған студенттердің ата-аналары Моңғолия, Қытай секілді мемлекеттерде тұратын өз қандастарымыз. «Жаһанды жайлаған індет шет мемлекеттерден келіп білім алып жатқан қазақ жастарына да оңай болған жоқ. Алайда қиындықты еңсеріп, карантин талабын сақтап, қашықтан білім алып жатқан студент жастарды қолдап, осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Университет басшылығы студенттерге қолайлы жағдай жасап отыр» дейді осы шараны ұйымдастырушы Әскерхан Ақтай.

кө

 Қайырымдылық шарасына «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Жакупов, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Төлеген, Ұлан аудандық мәслихат депутаты Нұртай Тілеужан, ҚМДБ «Зекет» қорының өкілі және кәсіпкерлер қатысып, студенттердің хал-ахуалын сұрап, індет кезінде карантин талабын барынша сақтап, уақытты кітап оқуға, тіл үйренуге басқа да пайдалы іспен айналысуға жұмсау керектігі туралы ақыл-кеңестерін айтты.

 ӨСКЕМЕН