Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырғандардың жартысынан көбі жастар

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 14 сәуірге дейін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 78 адамға жетті. Үй жағдайындағы карантинінде 1706 адам отыр.

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырғандардың жартысынан көбі жастар

Тәулік бойы бақылауға 528 адам алынған.  Бұлардың барлығы індет өршіп тұрған 1А және 1Б санатындағы елдерден оралған немесе жұқтырған науқастармен шартты түрде байланыста болған адамдар.

Облыста бір адам коронавирустан қайтыс болды деп саналады. Тағы бір азамат індеттен айығып, ауруханадан шығарылды. Қазір ол үй жағдайындағы карантинде.

COVID-19 сырқатымен ауырған 77 науқастың 43-і облыс орталығында  емделіп жатыр. Теміртауда – 13, Шахтинскіде жеті адам дәрігерлердің жіті бақылауында.  Ал Саран қаласы, Бұқар жырау және Шет аудандарында коронавирусқа шалдыққан бір-бір адамнан тіркелген.

«Жаман тұмау» жұқтырғандардың жас шамаларын былайша жіктеуге болады: 20-29 жас аралығындағылардың саны – 17, 14 жасқа дейінгі балалар – 15, 14 жастан асқан жасөспірімдер – 3, 30-39 жастағылар – 12, 40-49 жас шамасындағылар – 12, 50-59 жас ішіндегілер – 8, 60 жастан асқандар  – 11 адам.

Айта кететін бір жайт, ауырғандардың ішіндегі 11 науқас басқа қаланың тұрғындары.
  

 

Қарағанды облысы