Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Шымкент: 135 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша ТЖ режимiне байланысты, 125 588 қала тұрғынына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы электрондық өтініштер (электрондық үкімет пен Еңбек және халықты қорғау министрлігінің сайттары, сондай-ақ Telegram арқылы рәсімдеу), ал 10 185 азаматқа белсенді өтініштер (SMS) арқылы тағайындалды.

Шымкент: 135 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алды

13 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы Шымкент қаласының 135 743 тұрғынына төленді. 

Әкімдіктiң нақтылағанындай, тағы 6263 өтініш қарастырылуда: КЕАҚ желісі бойынша - 1781, МӘСҚ желісі бойынша - 4482.

Айта кетейік, соңғы үш күн ішінде 42 500 теңгеден төлем алған шымкенттіктердің саны бірден үш еседен артық өсті: 10 сәуірдегі жағдай бойынша мұндай соманы 40 586 азамат алды.

 

Шымкент