Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Шымкенттік блогер төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін қамауға алынды

533 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкенттік блогер Бибарс Раимбеков төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкенттік блогер төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін қамауға алынды

Бибарс Раимбеков (бұрын блогер Руслан Жанпеисов ретінде белгілі) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамауға алынды.

12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Қапал-батыр» көпірінің жанындағы блок-бекетте полиция қызметкерлері басқа да көліктердің арасында «Опель» жеңіл автокөлігін тоқтатқан.

Карантиндік іс-шаралар кезінде қалада жүріп-тұруын тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі Раимбеков «Adil Stroy Project» ЖШС-нің заңгері екендігі туралы анықтама көрсетіп, сол анықтама негізінде полиция қызметкерлері оны кедергісіз өткізу тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар, аталған ЖШС қала аумағында қазіргі уақытта ешқандай жұмыс жүргізбейтіндігі анықталды.

Блогер тексеру кезінде құқық тәртібін бұзуды арандата бастады. Құжаттарын тексергеннен кейін, ол әлеуметтік желілерде бейнежазба мен трансляция жасап, полицейлердің блок-бекетте қызмет атқаруына кедергі келтірді.

Бибарс Райымбековке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) және 478-бабы (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

14 сәуірде бейнеконференцбайланыс форматында өткен сот процесінде судьяның шешімімен төтенше жағдай режимін бұзушыға «10 тәулікке әкімшілік қамауға алу» тағайындалды.

Сондай-ақ сотпен азамат Раимбековтың құқық қорғау органдары қызметкерлеріне енгізілген төтенше жағдай туралы өз наразылығын білдіре отырып, өзінің жағымсыз эмоцияларын тікелей эфирде көрсетіп, төтенше жағдай жарияланған аумақта қызметтік міндеттерін атқарып жатқан лауазымды тұлғаларға кедергі келтіргенін анықталып, «25 тәулікке әкімшілік қамауға алу" тағайындалды.

Сонымен қатар Шымкент қаласы ПД-нің деректері бойынша Бибарс Раимбеков (Руслан Жанпеисов) бұған дейін де құқық бұзушылықтар жасаған. Ол бірнеше рет, соның ішінде ұрлық жасағаны үшін, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін және ақпаратты жасырын алудың арнайы құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

 

Шымкент