Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Індеттен емделген алтыншы адам ауруханадан шықты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісуда жұқпалы індет жұқтырған науқастардың беті бері қарай бастады. Бүгін Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында оқшауланған тағы адам емделіп, үйіне жіберілді. Ал облыс бойынша дерттен емделгендер саны алты адам болды.

Алматы облысы: Індеттен емделген алтыншы адам ауруханадан шықты

Ауруханадан шыққан науқас 30 наурыз күні карантинге алынған екен,  1952 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғынының жағдайы жақсы. Қайталай алынған вирусологиялық анализ қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. 

Дерт анықталғанға дейін пациентпен қатынаста болған тұрғындар да тегіс дәрігерлер бақылауда болды. Қуаныштысы, олардың ешбірінен жұқпалы індет белгісі табылмады.

 

Алматы облысы