Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Өскеменге Таиландтан шыққан 179 жолаушысы бар ұшақ қонды

3327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жолаушылардың 80-і - қазақстандықтар, 67-сі - ресейліктер және 32-сі - Қырғызстан азаматтары.

Шығыс Қазақстан: Өскеменге Таиландтан шыққан 179 жолаушысы бар ұшақ қонды

Бүгін Өскемен әуежайына таңғы сағат 9:30-да бортында 179 жолаушысы (оның екеуі - бала) бар ұшақ қонды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, эвакуациялық рейс шығару шешімін Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдаған. Чертерлік рейс арқылы келген жолаушылардың 80-і - қазақстандықтар, 67-сі - ресейліктер және 32-сі - Қырғызстан азаматтары.

ұ

Біздің облыстың эпидемиолог дәрігерлері әуежайдан түскен бетте экипаж бен барлық жолаушылардың ыстығын тексеріп, тестілеуден өткізіпті.

 

Ешқайсысынаұщн Covid-19 симптом белгілері анықталмаған. Барлығы дезинфекцияланып, жаңа бетперделер беріліпті. Жолаушылар тексеруден өткен соң алдын ала әзірленген автобустарға отырғызылған.

ұша

ұшак

 

Ресей Федерациясы азаматтары әуежайдан полиция мен елшілік өкілдерінің қарауымен кідірместен шекараға жол тартыпты. Олар «Уба» шекара бекетінде ресейлік автобустарға отырғызылмақ.

өз

Ал Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары арнайы карантиндік стационарға жатқызылған. Барлығы ПЦР әдісі арқылы тесттен өткізіліп, карантин аяқталған соң ғана тұрғылықты жерлеріне жіберілмек. «Барлық қызметкерлер жолаушыларды қабылдауға әзірленген. Қорғаныш костюмдері мен бетперде киіп, биологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған. Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары орналасатын нысанға қатаң режим енгізілген. Полиция бекеттері қойылған, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары мен медицина қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жасайды» дейді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Марат Исмаилов.

ае

Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сенсек, ұшақ пен экипаж дезинфекциялық зарарсыздандырудан кейін бірден ұшып кетіпті.

з

Бұл ұшақ Бангкоктен (Таиланд) 14 сәуірде шығып, жолай Данпасар (Индонезия) мен Ханойға (Вьетнам) соғып, жолаушыларды алған екен.

Айта кетейік, мұндай рейстер бұған дейін Павлодар, Талдықорған, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз және Атырау қалаларына да келген болатын.

 ӨСКЕМЕН

(Суреттер облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды)