Экономика • 15 Сәуір, 2020

Интеграцияланған жүйеге қойылатын талапқа өзгеріс енгізілді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнес қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып, үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті. Биылғы 31 наурыздағы өзгертулер ҮИЖ-ге қойылатын техникалық талаптарды ретке келтірді.

Интеграцияланған жүйеге қойылатын талапқа өзгеріс енгізілді

ҮИЖ-ге қойылатын талаптардың бірі – салық есептілігі модулі. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы көрсетіліп, сонымен қатар салық есебін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша есепті құру мүмкіндігі болу керек. ҮИЖ дара кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындау мен есеп жүргізуді жеңілдетуге тиіс.

ҮИЖ әзірлеушілері мен өндірушілері ҮИЖ Біріңғай тізіліміне жаңа модельдерді тіркеу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш тапсыра алады.

Жеңілдетілген декларация мен ҮИЖ қолданатын салық төлеушілер бірқатар артықшылықтарға ие.

  1. Жеңілдетілген декларацияны қолдану кезіндегі салық кезеңі үшін болатын шекті кіріс, яғни жартыжылдықта 66,8 млн. теңгеден 261,4 млн. теңгеге дейін өсті.
  2. Қосылған құн салығының шегі 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін, яғни 83,3 млн. теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл өсім тек қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылатын айналымға, яғни банк карталары арқылы клиенттермен есеп айырысуға қатысты болады.

Еске сала кетейік, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы), сонымен қатар сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған құрылғыдан немесе осы үш құрамдас бөлікті алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешен.