Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Жетпіс отбасыға бір айға жететін азық-түлік алып берді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында бұдан бес жыл бұрын «Жүректен–жүрекке» атты еріктілер тобы құрылған болатын. Осы топтың мүшелері елдегі төтенше жағдай мен өңірдегі карантиндік режим кезінде мұқтаж жандар мен мүгедектерге көмектесу үшін арнайы штаб құрды. Бұл штабтан көмек сұраушылар қатары күн сайын өсіп келе жатқанын ескерген штаб мүшелері арнайы шот ашып, қарапайым тұрғындарға қайырымдылық көмектерін беру жөнінде ортақ ұйғарым жасады.

Жетпіс отбасыға бір айға жететін азық-түлік алып берді

Оларды ел-жұртқа қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі жүрекжарды ұсыныстары аяқсыз қалмай, үш күннің ішінде есепшотқа бір миллион теңгеден астам қаражат түсіпті.

- Риясыз көңілмен, шынайы жүрекпен көрсетілген көмек бізді қатты қуантты. Біреу 100 тенге аударса, екінші бір еріктілер 500 тенге аударған. Мәселе оның көлемінің үлкен-кішісінде емес, шын ниет пен көңілде ғой. Бұл ауызбіршілік пен жанашырлықтың арқасы деп білеміз. Бұған дейін еріктілер тарапынан мұндай қомақты көмек жиналған жоқ еді. Біз бұл қаражатты 70 отбасыға бір айға молынан жететін көлемде азық-түлік алып бердік,- деді Egemen.kz тілшісіне «Жүректен –жүрекке» еріктілер тобының мүшесі Әлішер Садық.

Тұтастай алғанда олар жыл басынан бері мұқтаж жандарға 2,5 миллион тенгеге жуық қайырымдылық көмектерін көрсетіпті. Яғни, волонтерлер бұрын отбасыға 15 000 тенгеге азық-түлік алатын болса, қазір тауардың бағасы қымбаттап кеткеннен кейін оның мөлшерін 20 000 тенгеге көбейтіпті.

Ендеше, біз еріктілер тобы мүшелеріне шын көңілден «жарайсыңдар, жігіттер» демекпіз!