Қазақстан • 17 Сәуір, 2020

Индустрияландыру бағдарламасы: Мың жобаның тұсауы кесілді

729 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бұл реттік саны жағынан 2008-2019 жылдар арасында ашылған жоба санынан көп болайын деп тұр: Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру 2008-2019  жылдарда Қазақстанда  4 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылып, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылған екен.

Индустрияландыру бағдарламасы: Мың жобаның тұсауы кесілді

2019  жылдың  басында сол кезде үкіметті басқарған Бақытжан Сағынтаев 2018 жылдың соңғы жұмыс күні үкіметтің экономикалық блогы алдында төтесінен қойып, 1000 зауытты Қазақстанның аумағынан қолына шырақ алып іздеуге ниет танытты.

Премьер-министрдің айтуынша, облыстағы жалғыз зауыттың жұмысы тоқтап қалса, ол сол өңірдегі еңбек өнімділігін артқа тарта бастайды.

«Мыңдаған зауытты аштық деп айтып отырмыз. Ал олар еңбек өнімділігін неге жоғарылатпайды? Сонда қандай зауыттар ашып жатырсыздар?» – деді Бақытжан Сағынтаев.

Бірақ Үкімет басының ескертпесінен кейін бұл мәселеге қайта оралған ешкім жоқ. Мамандар оны анықтаудың түкте қиын емес екенін айтады. Ол үшін аймақтар бойынша скрингтік тексеру өткізсе, елде қанша жоба жұмыс істеп тұрғаны айқындалып шыға келеді. Ресми статитистика «қолға алынған жобалардың үш-ақ пайызы орындалмады, бұл – қалыпты жағдай» деген уәж айтады.

Бірақ  соған біздің ел  322 млрд теңгенің 1 мыңнан астам жаңа жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.  

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі «қарапайым заттар экономикасы» аясында жаңа өндірістер жұмыс істей бастайды деп хабарлады. Бұл бағдарламаны қаржыландыруға 1 триллион теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 322,4 млрд теңгенің 1 169 жобасы мақұлданды.

«Олардың көпшілігі Түркістанда (16,5 млрд теңгеге 134 жоба), Батыс Қазақстанда (8,1 млрд теңгеге 133 жоба, Шығыс Қазақстанда (3,4 млрд теңгеге 107 жоба) жүзеге асырылатыны атап өтілді. «1169 жобаның 1012-сі кәсіпорындарды кеңейту және модернизациялауға, 157-сі жаңасына несие алды», - деп қосты олар.

Экономика салаларына келетін болсақ, ең көп несие химия саласындағы жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге (118 млрд теңге), одан кейін 17,4 млрд.теңгеге 45 жоба, машина жасау бойынша - 14,7 млрд теңгеге сегіз жоба түсті.

Жеңіл өнеркәсіпте олар 6,4 млрд теңгеге 29 өндіріс орнын, 3,1 млрд теңгеге қағаз және қағаз өнімдерін өндіретін 11 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Төрт фармацевтикалық жоба 1,7 миллиард теңгеге және жиһаз өндірісі 1,4 миллиард теңгеге ашылады.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігі    тамақ өнеркәсібінде - қант өндірісі (жылына 400 мың тонна), шикі майлар мен майлар (жылына 365 мың тонна), ет консервілері (жылына 20 мың тонна), сұлы жармасы (10 мың) тонна), сүт және сүт өнімдері (жылына 2 млн. тонна), минералды су (жылына 14 мың бірлік) »,  деп атап өтті .

Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпте олар костюмдер (жылына 120 мың дана), аяқ киім (жылына 30 мың жұп), дәке (жылына 450 мың дана), кілем бұйымдары (6 млн шаршы метр) өндірісін құрғылары келеді. Құрылыс индустриясында құрғақ қоспалар (жылына 100 тонна), газ блоктары (75 мың текше метр) өндіретін кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Инжиниринг саласында олар аккумулятор (жылына шамамен 3 млн  дана), кабель өнімдері (жылына 264 тонна), дайын өнім (25 мың тонна) өндірісін ашуды жоспарлап отыр.

Ұлттық экономика министрлігі жұмыс орындарын құруға болжамды әсер 11 455 бірлікті құрайды. Жаңа жобалардың іске қосылуына байланысты жыл сайынғы салық төлемдері 16,9 млрд  теңгені құрайды деп күтілуде.

ИИМДБ аясында сәтті жүзеге асқан жобаларды ешкім жоққа шығармайды. Бағдарламаның екінші бесжылдығын жүзеге асыру өңдеуші өнеркәсіп кәсіпо­рында­рының 45 трлн теңгенің өнімін өн­діруге мүмкіндік берген. Бұл қаржының  11,2 трлн теңгесі 2019 жыл­дың еншісінде. Индустрияландыру жылдарында кәсіпорындардан түс­кен салық 3 есе өскен. 2009 жы­лы 450 млрд теңге салық төленсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 1 482 млрд теңгеге жеткен

Сарапшылар  бағдарлама қа­былданғалы бері өткен 12  жылда өнеркәсіптік сая­саттың әліппесін меңгердік. Сарапшы экономист Досым Сәтпаев барлық мәселе бағдарлама дайындаушылардың кәсіби біліктілігіне байланысты екенін айтады. Бізде бұл мәселе соншалықты дамымаған. Мұның салдары  салалық бағдарламалар арасында үйлесімділікке аса мән бермеуіне алып келді.  Салалар мен секторлардың   бір-біріне ықпалын зерттеу әлі де болса кемшін түсіп жатыр. Ал келесі сарапшы Тоғжан Қожалиева  макро­экономистер арасындағы сабақтастық жоғалып қалғанын айтады. Кез келген бағдарлама өткеннің кемшілігінен сабақ алғанда ғана алға жылжиды. Оның пікірінше,  ИИМДБ-ның келесі кезеңін сәтті іске асыру үшін мемлекет елдің дамуына сай келетін стратегияны әзірлеуі керек және әр кезеңге өт­кенде түзетулер енгізіп отыруы ма­ңызды. Ол үшін эконо­мика сала­ларының кезеңі мен жағ­дайына байланысты қа­былданатын шаралар матрицасын жасау қажет. Бізде ол жағы мүлдем ескерілмейді.

Экономист Мағбат Спанов шетелдік нивесторлардың қаржыландыруымен жүзеге асқан жобаларға аса сақтықпен қарау қажеттігін айтады.  2008-2018 жылдар арасында қаржыландырылған жобаларда шетелдік инвесторлардың үлесінің қанша болғандығы туралы дерек көздер енді жарияланып жатыр. Мұнда жобалардың жабылып қалуы – Қазақстанның инвестициялық имиджіне теріс әсер етеді. «Құны 1-3 млрд АҚШ долларына бағаланған жобалардағы шетелдік инвесторлардың үлесі, кем дегенде 10 пайыз болады, ал бұл аз қаржы емес», – дейді Мағбат Спанов.

Мұндай жобалардың басым көпшілігі үкіметтің кепілдендіруімен жүзеге асатынын айтады. Бұл қоғамға құпия емес. «Мемлекетпен шетелдік инвестор арасындағы жоба жабық есік жағдайында өтеді. Шетелдік инвесторлар мұндай келісімшартқа қол қойған кезде барлық тәуекелді ескереді. Жоба күйреген жағдайда Қазақстан тарапынан берілетін өтемақы көлемі де алдын ала заңдастырылады.  2008 жылдан бері шетелдік инвесторлар қаржыландырып, тоқтап қалған жоба үшін мемлекеттің төлеген өтемақысы қандай жолмен қайтарылғаны да құпия.  Кезінде премьер-министр қызметінде болған  Бақытжан Сағынтаевтың санда бар, санатта жоқ 1000 зауыттың жұмыс істемейтіндігін ашық мойындауы – біздің шегінерге жеріміздің қалмағанын көрсетеді. Алдағы уақытта шетелдіктердің қатысуымен қаржыландыратын жобалардың жүзеге асуын тәуелсіз сарапшылар бақылауы керек»,  дейді Мағбат Спанов.