Нұр-Сұлтан қаласында:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
- автосалондар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; - қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.
Алматы қаласында:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
- нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
- тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).