Экономика • 26 Сәуір, 2020

Салымшылар депозитін шетел валютасындағы салымдарға ауыстыра бастаған

372 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ranking.kz сайтындағы талдау бөлімінің бастығы Седред Асретовтың кеше түнде өткен онлайн жиында айтқан сөзінен ұққанымымыз –  депозиттік базаны сақтау банктердің назар аударатын №1 индикаторы. Себебі әлемдік катаклизмнің ызғары, мұнай өнімдеріне деген сұраныстың азаюы депозиттер нарығын да әсер етіпті.

Салымшылар депозитін шетел валютасындағы салымдарға ауыстыра бастаған

Әзірге теңгемен салынған депозиттерге  жылдық 15,5% мөлшерлеме қорған болып тұр. «Жеке тұлғалардың депозитке салған салымдары азайып барады. Карантин көптеген азаматтардың кірісіне зиян келтірді. Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың 70 пайызы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінді»,- деді ол кеше журналистермен өткен вебинар жиында.

Жиын барысында Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) жетекші сарапшысы Рамазан Досовтың да осы пікірді қолдайтынын білдік.  Оның айтуынша, үкімет тұрғындардың табыссыз қалмауы үшін қарапайым экономика бағдарламасы шеңберінде жұмыс орындарын ашып, ең төменгі жалақы мен зейнетақыны индексациялау туралы шешім қабылдады.
Сонымен бірге, ҚҚҚ өкілі наурыз айында қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының теңгедегі депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемесін жоғарылату туралы шешім қабылдауы ұлттық валютадағы депозиттердің  табыстылығы мен  мен тартымдылығын сақтауға көмектеседі деген үміт басым.

Ұлттық Банк сәуірде базалық мөлшерлемені 12%-дан 9,5%-ға дейін төмендеткеннен кейін, қысқа мерзімді және мерзімді емес депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді мамырда 12-13,5% шегінде бекітті.

Қазақстанның  депозиттерге кепілдік беру қоры өкілдерінің  пікірінше, бұл шешім инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін қабылданды, сол себепті ставкаларды одан әрі төмендету жүйелі түрде жүреді. 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 581 млрд теңгеге артып, 9,88 трлн теңгеге жетті.

Теңгедегі депозиттердің құрылымы келесідей қалыптасты:

55%  – мерзімді депозиттер үлесі,

17,2%  – ағымдағы шоттардағы шоттар,

17%  – субсидияланған салымдар (мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі және тұрғын үй құрылыс жинақтары),

Жинақтау:

9,7% – депозиттер,

 0,9% – мерзімді депозиттер,

 0,1% – сұраныс бойынша.

Банктердің депозиттік желісінде орналасқан ұлттық валютадағы мерзімді емес депозиттердің үлес салмағы жыл басынан бері 10%  азайды. Бірақ соған қарамастан олардың үлесі жоғары.  Себебі депозиттің бұл түрінің шарттары   салымшылар үшін  ыңғайлы.  

Жинақ салымдарының нарықтық үлесі әлі де аз.  2020 жылдың 3 айында 39,5% өсті, бұл теңгедегі депозиттік базаның өсе бастағанын көрсетеді.

Шетел валютасындағы салымдар құрылымына келетін болсақ, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мерзімді депозиттердің үлесі 83,6%, ағымдағы шоттар 6,6%, мерзімді және жинақтау  шоттары 5,1% өсті. .

Шетел валютасындағы жинақ салымдары жыл басынан бері 47,4%  өсті.

Мерзімді депозиттер 47,1%, мерзімді емес депозиттер 18,5%   өсті.

Сарапшылар екінші деңгейдегі банктердің депозиттік базасында шетелдік валютамен салынған салымдар алдағы уақытта өсетінін осыған дейін де ескерткен. 

Седред Асретов осы ретте  банк депозиттерін долларландыру қазіргі уақытта 44% деңгейіне өскенін айтты. Салымшылар теңгедегі депозиттерін шетел валютасындағы салымдарға ауыстыра бастаған.  «Соңғы айларда депозиттік базаны валюта тұрғысынан қайта құру туралы пікірлер көбейіп кетті. Мұнай бағаның тұрақсыздығы теңгемен салынған депозиттерге әсер ете бастады. «Ұлттық Банктің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне қазір баға беруге ерте. Алдағы  бірер айда Ұлттық банктің  екінші деңгейдегі банктерге қатысты саясаты өзгереді, бұл депозит нарығына да әсер етеді. Депозиттер нарығының болашағы Ұлттық банк пен Үкіметтің шешіміне байланысты» деп сөзін түйіндеді  Седред Асретов.

Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру қоры шетел валютасымен салынған депозиттердің көбейіп кетуіне себеп жоқ деп отыр. Себебі шетел валютасымен салынған депозиттің жылдық пайызы – 1  %, ал ұлттық валютадағы депозиттің жылдық пайызы – 15,5  %.  Бірақ бұл пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы ұстап тұру Ұлттық банк үшін артық салмақ. Теңге депозиті нарығының болашағын салымшылардың теңгенің болашағына деген сенімі айқындайды.