Тағайындау • 04 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды

654 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды

- Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі. Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.

2018-2019 жылдары – «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары.

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.