-Әрине бұл жағдай жақсы құбылыс емес. Әйтсе де мұндай көрініс бұған дейін алынған бюджеттің міндеттемелерге көлеңкесін түсіре алмайды. Қазіргі күні қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар шоғыры уақытша қалыптасқан жағдайды оң жаққа қарай бұруға септігін тигізуге тиіс, - деп мәлімдеді бұл жөнінде egemen.kz тілшісіне Ақтөбе облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Руслан Хамбаров.
Осы орайда өңірде дағдарысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасының басты бір қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға арқа сүйетінін айтқанымыз жөн. Бұл ретте облыстық бюджеттен 46 миллиард теңге бөлінген. Аталған қомақты қаражат жыл аяғына дейін 12 мыңан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.