24 Қыркүйек, 2013

Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті

480 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

IMG 3375Отанымыз тәуелсіздігін алғалы бері қазақ тілінің мәртебесін арттыру жолында қыруар жұмыстар атқарылды. Бағдарламалар қабылданып, соның аясында жұмыстар істелініп жатыр. Баяғы қатқан сең жібіп, ел тілі биік тұғырға қонды. Осы жылдың басында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда әдебиет және өнер қайраткерлерімен жүздесіп, ой бөліскенде мемлекеттік тілдің мәртебесін тағы бір айқындап берді. «Зиялылар арасында тіл мәселесі жиі көтерілетіні белгілі. Ұлттың тынысы, санасы ұлттық тілмен ғана баянды болады. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол Ата Заңмен бекітілген. Ешкімнің оған дау-дамайы жоқ. Ол тарихи шындық болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан бергі уақыт ішінде жыл сайын Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі бір ай бойы жүйелі жүрзіліп, көптеген шаралар өткізіліп келеді. Сол үрдіс осы жылы да жалғасын тапты. Мәреге жетті. Игілікті істің биылғы атқарылған ауқымына байланыс­ты Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Мақсат СҚАҚОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

– Мақсат Нұрлыбекұлы, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгерістерге сәйкес Қазақстан халқы тілдерінің күні – қыркүйектің үшінші жексенбісіне келеді екен. Атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді пысықтап алудың өзіндік дәстүрі бар сияқты.

– Ол рас, дәстүрге келсек, 1989 жылы «ҚазССР-індегі Тілдер туралы» Заң қабылданып, «Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі» болып жарияланды. Бұл күні қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген болатын. Ана тілімізге жаңаша көзқарас пен қалыптасқан сананың сеңі бұзылған күн ретінде де ыстық. Тұғырынан тая бастаған туған тіліміз тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өз биігінде ұлықталып, бүкіл Отанымызда қазақ мектептері ашылып, қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Биылғы жылдың үшінші жексенбісі осы күнге қатар келіп отыр.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту мен дамытуға арналған бірқатар құжаттар бар. 1996 жылы «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы тіл саясатының тұжы­рым­дамасы» қабылданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңында «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп атап көрсетілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір азаматтың парызы деп нақтыланып, Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы ретінде бағаланды.

– Тілдерді дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың орны бөлек болатыны анық. Уақыт талабына қарай екінші рет қабылданған бағдарламалардың мәні мен мақсатына тоқталып өтсеңіз.

– 2001 жылы қабылданған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы саланың көшін ілгерілетті деуге болады. Бағдарлама нормативтік құқықтық базаны қалыптастырып, ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізу, терминологиялық және ономастикалық жұмыстарын жолға қоюда шешуші рөл атқарды. Одан кейін, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ау

Соңғы жаңалықтар