Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері елімізде жарияланған орын Төтенше жағдай режиміне қарамастан соғыс ардагерлерін 9 мамыр мейрамымен құттықтаудың креативті әдісін тапты.
«Ардагердің үйінің алдында «Құттықтаймыз» деген сөзбен флеш-моб жасап, дрон арқылы ардагердің терезесіне гүл шоғын көтеріп, жеткізді.
Сонымен бірге полиция қызметкерлері дауыс ұлғайтқышпен ардагерді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді» деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
ӨСКЕМЕН