Экономика • 11 Мамыр, 2020

Мемлекеттік бюджет кірісі үш айда 3,3 трлн теңге болды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың I тоқсанында мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс көлемі 3,34 трлн теңгені құрады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 13,75 трлн теңге кіріс түседі деп жоспарланған. Осылайша, көрсеткіш 24,3% - ға орындалып отыр.

Мемлекеттік бюджет кірісі үш айда 3,3 трлн теңге болды

Мемлекеттік бюджетке түсетін салық көлемі 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2,1 трлн теңгені құрады. Бұған дейінгі қаржы министрлігінің жоспарына сәйкес салықтан түсетін табыс көлемі 10,8 трлн теңгені құрайды деп күтілуде.

Сонымен қатар, салықтық емес түсімдер көлемі 41 млрд теңге, трансферттер түсімі – 1,2 трлн теңгеге жуық екені анықталып отыр.

Мемлекеттік бюджет шығындарына келетін болсақ, шығын көлемі 1 сәуірде 3,2 трлн теңгені құрап, жалпы көрсеткіштің 21,7%-ы орындалды.

Бұған қоса, таза бюджеттік кредит беру 100,8 млрд теңгені, 2020 жылға жоспар – 202,5 млрд теңгені құрады.