Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Елордада ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасы карантин кезінде ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттердің мәселесін шешуге көмектесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елордада ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

Бүгінгі күні астанада 1319 университет бітіруші студент оқу ақысын төлей алмай отыр.

«Бұл мәселені шешу үшін ЖОО басшыларымен бірлесе, оқу ақысын төлей алмаған 4 курс студенттерінің төлем мерзімдерін маусым айына дейін ұзартуға келістік», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Оның айтуынша, университеттер әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер жасалатын болды. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 114 студентке жеңілдік беріледі. Технология және бизнес университеті 72,  ҚазГЗУ – 29 және «Тұран-Астана» университеті 15 студентке жеңілдік жасаған.  Бұған қоса, елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы шет елде білім алатын (Варшава - 85, Мәскеу - 149)  234 студентті Нұр-Сұлтан қаласына күтіп алу, оларды қонақ үйлерге жайғастыру және басқа өңірлерге жөнелту жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар басқарма Қазақстанның өзге аймақтарына шет елдерден (Кипр-1, Ресей-37, Болгария-2, Польша-42 , Нидерланды-16, Таиланд-4 және Біріккен Араб Әмірліктерінен-14) ұшып келген 116 студентті елордаға арнайы автокөліктермен алып келуді ұйымдастырды.