Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

 

Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

«Биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр, бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ» деді ол.