Кейін бүкіл Европа іздеп жүріп оқитын болады.

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Түркия, Нидерланд, Польша сияқты мемлекеттер мен отандық абайтану ғылымындағы белгілі ғалымдар баяндама жасаған конференцияға «Zoom» платформасы арқылы алыс-жақын шетелдер мен республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам ғалымдар, оқытушылар, журналистер, магистранттар мен студенттер қатысты. Конференцияны «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Айжан Картаева жүргізді.
Конференцияны университет ректоры Мұхтар Төлеген кіріспе сөзімен ашып, абайтанудың білгірі, әйгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ғалымның бұл конференцияға қатысуы шараның мән-мазмұнын арттыра түскенін атап өтті. Келесі кезекте сөз алған Мекемтас Мырзахметұлы Абайдың Батысынан Шығысы басым екендігін нақты тұжырымдармен дәлелдеп бере отырып ақынның «Толық адам» іліміне кеңінен тоқталды. Аталмыш ілімді мектептер мен ЖОО-да оқытуға арналған оқулық жасалғанын, енді оқытыла бастайтынын айтты. Ғалымның пікірінше, бұл еңбекті тек қазақ халқы емес, алдымен түркі әлемі, кейін бүкіл Европа іздеп жүріп оқитын болады.
Бұдан кейін сөз кезегі Түркияның Фырат университетінің профессоры Ержан Алкайяға берілді. Шетелдік ғалым «Ұлы Абай түркі әлемінде» атты баяндамасында Абай Құнанбайұлының түркі әлемі әдебиетіндегі орны туралы сөз қозғай келіп, Түркиядағы һәкім атындағы мектептер, көшелер, саябақтар мен ұлы ақынның ескерткіштері, өмірі мен шығармашылығы туралы жарық көрген кітаптар, жазылған диссертациялар мен мақалаларды таныстырды.
Конференцияда М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай «Ғаламдық мәдениет ғұламасы» атты баяндамасын оқыды. Нидерланд елінен конференцияға қатысып отырған «Евразиялық перспектива» компаниясының президенді, PhD доктор, профессор Зифа Мұратқызы Әуезова Абай өлеңдері мен әндерінің ағылшын тіліне аударылуы жайын сөз етті. Ғалымның айтуынша, ұлы ақын шығармаларын өзге тілдерге аударарда орыс тілінен қарағанда түпнұсқамен жұмыс істеу яғни қазақ тіліндегі нұсқасын аудару тиімді.
Зифа Мұратқызынан кейін Польшаның Варшава университеті, Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар факультетінің доктаранты Жандос Қарынбаев «Құнанбай әулеті және поляк зиялылары: көпқырлы байланыстардың жылнамасына шолу» атты баяндамасын ұсынды. Польша елінде қазақтарға, соның ішінде Шығыс Қазақстанға, Құнанбай әулетіне қатысты жинақталған деректер конференцияға қатысушыларды өзіне тарта түсті.
Одан кейінгі кезекте Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражай директоры Тұрдықұл Шаңбай «Ахмет Байтұрсынұлының абайтанудағы рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, сөзінің соңында конференцияға қатысушыларды мұражай ұжымымен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сегізінші сөз кезегі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір және түркология бөлімінің меңгерушісі Төрәлі Қыдырға берілді. Баяндамашы тыңдармандарға Абайдың шығысқа қатысы туралы құнды деректерді тереңінен толғады. Конференцияның соңғы баяндамашысы Польшаның Варшава универсиетінің докторанты Салтанат Күзембаева шет елдердегі Абай орталықтарынының Қазақстан имиджін қалыптастырудағы рөліне кеңінен тоқталды.
Дәулетберді Жекейұлы
ӨСКЕМЕН
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар