Бүгінгі таңда тігіншілік еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие кәсіптердің бірі. Маңғыстау облысы Шетпе кентінің тұрғыны Индира Бекенаева – мемлекет тарапынан жеңілдетілген пайызбен берілген несие қаржы арқылы кәсібін дөңгелетіп, тігін цехының жұмысын жандандырып отырған кәсіпкер.

Одан бөлек заманның талабына сай талғаммен киіну де Индираны тігіншілік кәсіпке жетелеген көрінеді. Жастайынан тігінмен айналысып, үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелерді өзі тігіп алып жүрген Индира жеке ісін бастау үшін жылдар бойы тәжірибе жинаған. Жақын туыстарының киімдерін тігіп бергені үшін алғыс алып, бірте-бірте табыс таба бастаған.
– Маңғыстаудағы 15-бекет елді мекенінде қарапайым теміржолшы отбасында дүниеге келдім. Әке-шешеміз жастайымыздан шаруашылыққа, еңбекке баулып өсірді. Он шақты ғана үйі бар шағын темір жол бекеті болған соң, балабақша, мектеп жоқ еді. Сондықтан Ақтау қаласына қатынап оқыдық. Алғаш тігіншілікті көршіміз Қызбала әжеден үйрендім. Қызығушылығымды көрген әкем жапондық тігін машинасын сатып алып берді. Ал университет қабырғасында оқып жүргенімде курстастарыма көйлек-көншектерімді өзім тігіп алдым деп айтуға намыстанатынмын. Себебі ол кезде киімді тігіп киюден гөрі дүкеннен сатып алу сәнді еді. Бірақ кейін матасын алып ойыңдағы киімді тігіп кию әлдеқайда арзан әрі жарасымды болатынына көз жеткіздім. Осылайша менің тігіншілік өнерім кәсіпке айнала бастады, – дейді ол.
Индира әзірге тігін цехын Шетпе кентіндегі өз ауласынан ашып, жұмыс істеп отыр. Тігін шеберханасында ісмерлер жастық, көрпе, көрпенің тысы сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдайды. Жаңадан ашылған тігін цехы үшін бұл үлкен жетістік.
– Бұл жердегі алғашқы клиенттерім көрші келіншектер болды. Одан бір-бірінен естіген таныстарымыз, олардың достары дегендей, тапсырыс берушілер саны арта берді. Қол жайып қарап отырмай, іске кіріскен жанның еңбегі еш кетпейтінін айтар едім. Бүгінде шағын кәсіп ашушыларға мемлекет тарапынан қолдау ерекше, – дейді Индира.
Табанды еңбекқорлығының арқасында ол былтыр «Zhasproject» атты жастарға арналған бірегей бағдарламаның грантын ұтып алған. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы естіп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қолдауымен 3 млн 500 мың теңге несие ресімдепті. Жас кәсіпкер мемлекеттік көмектің арқасында кәсібін одан әрі кеңейтіп, елдің игілігі жолында жұмыс істеуді мақсат тұтып отыр.
– Адал еңбекпен, сүйікті кәсіппен айналысу кез келген әйелдің, оның ішінде үй шаруасындағы келіншектердің де қолынан келеді. Өйткені біздің де әулетіміз үлкен, 3 баламыз бар. Жолдасым да әр ісіме барынша қолдау көрсетіп келеді. Тек кәсіпті зор ынта-ықыласпен, махаббатпен қолға алса болғаны. Енді шеберлік сағаттары мен сыныптарын өткізуді жоспарлап отырмын. Алда қайырымдылық мақсатында көпбалалы аналар мен мектеп оқушыларына тегін оқуға мүмкіндік береміз, – дейді Индира.
Шағын несиелердің нәтижесінде республиканың түкпір-түкпіріне де Индира Бекенаева сынды өзінің кәсібін ашқан, арманына қол жеткізген адамдар жетерлік, аталған бағдарлама аясында талай адамға көмек көрсетіліп те келеді. Мәселен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыруда. Осы жылдарда бағдарлама аясында Қор жалпы сомасы 160 млрд теңге болатын 53 мыңнан астам шағын несие берді. Осының нәтижесінде 53 мыңнан астам ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Ал биыл Маңғыстау облысына 841,7 млн теңге қаржы бөлініп, несиелеу жұмыстары жалғасып жатыр. Шамамен 220 адамға несие беру жоспарланған.
Қор өзінің несие өнімдері арқылы ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын түрлі мақсатты бағыттар бойынша қаржыландырып келеді. Нақты айтар болсақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жобалары бар. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша түрлі мақсаттағы несиенің жылдық сыйақы мөлшері 6 %-ды құрайды.
Несиенің сомасы, жеңілдік мерзімі несие өніміне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ Қордың несиелеу шартында аграрийлер қызметінің ерекшелігі, оның ішінде ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығы мен циклділігі ескерілген.
Бағдарламаға ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіп түрлерімен айналысқысы келетіндер және кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтар қатыса алады. Несие алушыларға қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, кәсібін енді бастайтын азаматтың кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс. Несие тарихы жақсы болғаны абзал. Кепілге қоятын мүлкі болуы шарт. Бұдан бөлек, бюджеттік және қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесінде кәсіпкерлік секторды қолдауға бағытталған бірқатар міндеттер белгіленген болатын. Президент онда ауқымды және сапалы жұмыспен қамту, агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осы орайда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беру үшін биыл 36 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Биыл да мыңдаған адам жұмыспен қамтылып, жаңа кәсіпкерлік нысандар ашылады.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар