02 Қазан, 2013

Фин дипломатына – Құрмет грамотасы

1729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хельсинки қаласында Қазақ­стан­да дипломатиялық миссия­сын аяқ­таған Финляндияның елшісі Мик­ко Киннуненді Қазақстан Респуб­ли­касының Құрмет грамотасымен марапат­тау салтанаты өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік марапатты тапсыруда елші Ғалымжан Қойшыбаев Мемлекет бас­шысының атынан фин дипломатына екі ел арасындағы достық пен ынты­мақ­тастықты күшейтуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, фин дипломаты өзінің елші ретіндегі қызметін қолдағаны үшін Қазақстан басшылығына шын риза­шы­лығын жеткізді.

2009 жылы ашылған Финляндияның Астанадағы елшілігін басқарған М.Кин­нунен Финляндияның Қазақ­стан­дағы алғашқы елшісі, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы өз елінің бірінші өкілі болды.

Елімізде Финляндия елшілігінің ашылуы Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың осы елге алғашқы мемле­кет­тік сапары барысында екі мемле­кет басшысының уағдаластығы қоры­тын­дыларының бірі болған еді.