Қуғын-сүргіннің қасіреті халқымыздың жүрегінде мәңгі өшпейтін шер болып байланған. Жазықсыз жапа шеккендердің балалары да, немерелері мен шөберелері де ата-әжелерінің ісін көруді, зерттеуді жалғастыруда. Солардың сұрауымен СҚО Полиция департаментінің архиві 10 істі тапқан екен, жуырда солар ұрпақтарына көруге ұсынылды.

Анасы «Отанын сатқан» адамның әйелі ретінде қуғынға ұшыраған істің көшірмесін қазір Солтүстік Қазақстан университетінде оқытушы болып істейтін Бақыт Бегенова Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейге тапсырған екен, ал кеше соның түпнұсқасы көрермендер назарына ұсынылды. Бойынан сол күндердің суығы есіп, НКВД-ның топас мінездері, адамгершіліктен жұрдай қылықтары көрініс беретін бұл құжат ұрпақтарының көздеріне жас үйірді.
Бақыт Бегенованың анасы Мүслима Ілиясова бастауыш сыныптардың мұғалімі болған екен. Оның алғашқы жұбайы Әнас Ілиясов Қызылжардағы педтехникумның директоры болып жүргенде 1937 жылдың желтоқсан айында «халық жауы» деген жаламен сотталып, атылып кетеді. Ал Мүслиманың өзін 1938 жылдың 9 наурызында үйіне келіп тұтқындап, «үштіктің» шешімімен 10 жылға АЛЖИР-ге айдап жібереді. Түрмеден Мүслима тек 1949 жылы босанып, Қызылжарға келеді. Осында ол екінші рет Естекен Бегенов деген кісіге тұрмысқа шығады. Бақыт Бегенова сол кісіден туған қызы екен. «Анам бастан кешкен оқиғаларын тек бір-ақ рет айтқан еді. Ішінде қанша кек тұрса да ол Сталин мен оның қанды билігіне деген өшпенділігін сездірген емес. Жұрттың бәрі оның үнемі жылы жүзбен тұратын жарқын бейнесін есіне сақтаған. Мен анам қайтыс болған соң біраз жылдар өткенде ғана оның ескі қағаздарының арасынан алғашқы күйеуін ақтау туралы өкіметке жазған арыз-шағымдарын таптым», дейді Бақыт Бегенова.
Ақыры жазықсыз жапа шеккен Әнәс Ілиясов 1957 жылы толық ақталған екен. Мүслиманың өзі де бір жылдан кейін ақталады. Міне, бұл көп жапа шеккендердің бірінің ғана тағдыры. Арнаулы архив осындай 10 істі ұсынып отыр.
ҚЫЗЫЛЖАР
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар