02 Қазан, 2013

Қанат қаққан сайын қатаяды

337 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде балаларға арналған 250-ге жуық демалыс орны бар. Осы демалыс орындарында оқушылар бағдарламаға сәйкес табиғат аясында серуендеумен қатар, спорт түрлерімен де шұғылданады. Демалыс лагерлерінің тағы бір тиімділігі, онда оларға белгілі бір дәрежеде еркіндік те беріледі. Бұл балалардың не нәрсеге бейімділігін, қандай қабілеті бар екендігін байқауға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде балаларға арналған 250-ге жуық демалыс орны бар. Осы демалыс орындарында оқушылар бағдарламаға сәйкес табиғат аясында серуендеумен қатар, спорт түрлерімен де шұғылданады. Демалыс лагерлерінің тағы бір тиімділігі, онда оларға белгілі бір дәрежеде еркіндік те беріледі. Бұл балалардың не нәрсеге бейімділігін, қандай қабілеті бар екендігін байқауға мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайлар министр­лігі мен Денсаулық сақтау ми­нис­трл­­і­гінің Мемлекеттік са­нитарлық-эпи­де­миологиялық қа­дағалау комитетінің өкілдері жазғы демалыс орындарын қажетінше тексеруден өткізіп тұрады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар жетім балалардың демалысына жергілікті бюджеттен қаржы бөледі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына да демалуға жағдай жасап отырады. Мемлекеттен қаржыландырылатын демалыс орын­дары балалар үшін қолжетімді бол­ғанымен, олардың қатары аздау.

Кезінде көптеген демалыс лагерлері жеке меншіктің қолына өтіп кеткені жасырын емес. Десек те, қайта жанданған бұл сала қазір қарқынды дамып келеді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдердің туризм орталығы жұмыс істейді. Есік қаласындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі Алматы облысы мектеп оқу­шыларының жазғы демалысын маз­мұнды, тиімді өткізуге күш салып келеді. Қарағанды облысының Бектау ата өңіріндегі үш балалар демалыс орнында балалардың жазғы демалысын көңілді өткізудің жаңаша әдіс-тәсілдері жүзеге асырылған. Жалпы, барлық лагерлерде жасөспірімдердің бойына патриотизмді сіңдіріп, еліне деген сүйіспеншілікті ояту жұмыстары жүргізілуде.

«Жас Ұлан» – атауына сай жас ұйым. Құрылғанына екі жыл ғана болғанымен, қазіргі кезде респуб­лика бойынша қатары 1 миллион­нан асып отыр. Оған мүше оқу­шы­лардың барлығы үздік оқитын, тәр­биелі, инабатты жастар. Жыл өт­кен сайын олардың қатары көбейе түсуде. Жеткіншектердің, мектеп оқушыларының басын біріктірген «Жас Ұлан» өскелең ұрпақтың бойы­на жоғары рухани-адамгершілік құн­дылықтарды, гуманистік, толе­рант­тылық пен демократиялық ұста­ным­дарға негізделген қазақстандық патрио­тизм рухын қалыптастыратын ұйым. Ұйымның ережесі бойынша «Жас Ұлан» өзінің қыз­метін шы­ғармашылық, спорт­тық, қоғамдық, сондай-ақ үкі­меттік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бір­лесе отырып, жүзеге асырады. Ұйым­ның мақсаты – жас ұрпақтың бойын­да патриоттық жауапкершілікті қалыптастыру болса, ал міндеті – рухани-адамгершілік әлеуетті жандандыру болып табылады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттыру да бар. Олардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау да ұйымның басты міндеті.

Ұйымға мүше болудың екі деңгейлі жүйесі бар. Мысалы, жоғары буынына – 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» аталатын төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары мүше бола алады. Сонымен қатар, «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады. Ұйымға мүшелікке қабылдауды «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы жүзеге асырады. Ұйымға қабылдау жылына үш рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Осы жерде атап өтетін жайт, ұйым кішігірім билік органы сияқты қызмет атқарады. Ұйым ережесін бұзғандар жалпы жиналыс­та талқылауға салынып, ескертулер беріледі, тіпті сөгіс те жарияланады.

Жасұландықтар осы жыл­ғы­ шілденің орта шенінде «Бір­ге болайық!» акциясын ұйым­дас­тырды. Іс-шара барысында балалар түрлі қызықты ойындармен қатар, ән айтып, би билеп, суреттер де салды. Бірлікке үндеп, бір-біріне қамқор, қайырымды болу мақсатында өткізілген шара балалардың демалысына ерекше серпін берді. Ал маусым айында «Еркемай» жазғы сауықтыру лагерінде ұйымның кіші буынына қабылдаудың салтанатты жиыны да өтті. Аталған іс-шара­ның мақсаты – балалардың қы­зығушылығын арттыру, ұлтжан­дылық пен намыс-жігерге баулу.

Тағы бір мысал, Астана қаласының туған күніне орай қызылордалық жасұландықтар облыстық оқу бөлімінің қолдауымен «Астананы аяла, жас ұлан!» тақырыбы негізінде жазғы демалыс лагерлерінде іс-шаралар өткізді. Сыр ұландары Қызылорда қаласындағы «Сырдария» лагерінде де болды. Мерекелік шара алдын ала ұйымдастырылған галереядан бас­тау алды. Олар тақырыпқа сәйкес асфальтқа суреттер салып, өнерпаз балалар сахна төрінде ән айтып, би билеп, жырдан шашу шашты, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, шара барысында тынығушы балаларды «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі болып, ұйымға қабылданушылар «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға, Отанға шексіз қызмет етуге ант берді.

Балалардың жазғы демалысы тек бос уақытты көңілді өткізу ғана емес, еліміздің келешегі – жастар тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың жан-жақты қалыптасуына, қоғамның дамуына үлес қосатын азамат болып өсуіне қамқорлық жасау болып табылады. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағына қамқорлық еліміздің тарапынан жыл сайын осылайша арта түсуде.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».