Ғылыммен айналысуға қажет құрал-жабдықтарымыз да, білікті ғалымдарымыз да бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында еліміздің білімі мен ғылымын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Әсіресе Президенттің ғылымға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеулермен шұғылдануына жағдай жасау керектігі жөнінде айтқан ойлары бізді қанаттандырды. «Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу институттарының базалық қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Проблемалы мəселелердің бірі – зерттеулер үшін құрал-жабдықтардың жетіспеуі. Бұл проблеманы шешу қажет. Ірі отандық кəсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын жоғары оқу орындарымен жəне зерттеу институттарымен байланыстыру да маңызды. Үкіметтен жəне сарапшылардан тиісті ұсыныс əзірлеуді өтінемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Президент айтқан ірі отандық кəсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын жоғары оқу орындарымен жəне зерттеу институттарымен байланыстыру мәселесіне қатысты ой қоссам деймін. Біздің университет еліміздегі техникалық саладағы іргелі оқу орны ретінде бұл бағытта бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпорындармен де, компаниялармен де, ғылыми зерттеу институттарымен де тығыз байланыстамыз. Бір ғана мысал келтірейін. Оқу орнымыз Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты және Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп медициналық имплантанттар шығаруды қолға ала бастады. Бұл үшжақты ауқымды жоба 2017 жылы басталған болатын. Жобаны жүзеге асыру үшін университет базасында елімізде алғаш рет травматология мен ортопедияға қажет медициналық имплантанттар өндірісі үшін тәжірибелі-өндірістік аймақ құрылды. Аумағы 300 шаршы метрді құрайтын бұл жерге мемлекеттің қолдауымен металлға арналған 3D принтер, металл өңдейтін станоктар, вакуммды пеш секілді 26 заманауи өндірістік және талдау құрылғылары сатып алынды. Жәй ғана сатып алып қоюмен шектелген жоқпыз, университет ғалымдары осы құрылғылармен жұмыс істеп, отандық медицинаға аса қажет бұйымдарды жасап та шығарды. Атап айтсақ, біздің оқу орнының ғалымдары Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының тапсырысына сәйкес отырған 8 түрлі медициналық имплантант әзірледі. Оны өзіміздегі металлға арналған 3D принтерден басып шығардық. Қарапайым тілмен түсіндірсек, біз әзірлеген медициналық имплантанттарды, яғни металлдан әзірленген әртүрлі көлемі шағын құрылғыларды дәрігерлер науқастардың қол, аяқ, иық, адамның басқа да дене мүшелерінің сүйектерін жалғап, бітістіруге қолданатын болады. Ғалымдарымыз Нұр-Сұлтандағы зерттеу институтына ТМД елдері аумағындағы елдердің медицинасында кеңінен қолданылатын ВТ6 титан құймасын (құрамы – титан, ванадий, алюминий) дайындап, алғашқы үлгісін ұсынды. Бұдан бөлек Ti-Nb-Ta деп аталатын отандық медицинада бұрын-соңды қолданылмаған медициналық имплантанттың жаңа түрі шығарылды. Бұл құйманың құрамында титан, тантал, ниобий сияқты металлдар бар. Ғалымдардың пайымынша, ВТ6 титан құймасынан гөрі Ti-Nb-Ta құймасының адам ағзасына жағымды әсерлері мол. Құйманың жаңа түрі клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтті. Енді отандық медицинада қолданылуы мүмкін. «Проблемалы мəселелердің бірі – зерттеулер үшін құрал-жабдықтардың жетіспеуі» деді ғой Президент. Бізде бұл тұрғыда мәселе жоқ. Ғылыммен айналысуға қажет құрал-жабдықтарымыз да, білікті ғалымдарымыз да бар. Мақсатымыз – отандық медицинаға қажет отандық өнімдер әзірлеу. Жақында облысымызға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин тәжірибелі-өндірістік аймақты көріп, жоғары баға берді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институты медициналық импланттардың көпшілігін шет елден алатынын білеміз. Осы дүниелерді неге өзімізде жасамасқа?! Сонда сапасы да жақсы, әсіресе бағасы да қолжетімді болып, қаншама отандастарымыздың дер кезінде ем алуына септігіміз тиер еді деп ойлаймын. Президентіміздің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысындағы сөздері жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда жоғарыда сөз еткен бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жандандырып, жетілдіріп, елордадағы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп импланттанттардың күрделі түрлерін жасамақ ойымыз бар.
Жасұлан ШАЙМАРДАНОВ,
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік техникалық университетінің ректоры
ӨСКЕМЕН
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар