Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қостанай: Полиция музейі онлайн экскурсия өткізуде

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысы полиция департаменті музейіндегі құжаттарға сенсек, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адам ату жазасына кесіліпті.

Қостанай: Полиция музейі онлайн экскурсия өткізуде

Департамент музейі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында онлайн-режімде видеоэкскурсия шараларын өткізіп жатыр. Оған ведомстволық әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады.

Қостанай облысы ПД музейінің меңгерушісі Назира Цымбалюктің айтуынша, ведомствоның арнайы мемлекеттік мұрағатында заңсыз сотталып,  кейіннен ақталған 4349 адамға қатысты қылмыстық іс сақталған.

–Қатаң жазаға тіпті әйелдер де іліккен. Мәселен,  «Шіркеулер» деп аталатын екі топтық іс бойынша ғана 24 әйел атылған. Олардың бар кінәсі - Құдайға сенгені, - дейді Н. Цымбалюк.

Музей сөресінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының фотосуреттері мен олардың ешбір кінәсі жоқтығын айғақтайтын арыздарының түпнұсқасын көруге болады. Мәселен, 1938 жылдың ақпанында КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы Хабибулла Башаевты атуға үкім шығарған. Ол 1958 жылдың 1 наурызында ақталыпты. Дәл осы айыппен Амангелді аудандық партия комитетінің хатшысы Измайлов Хайруш Нұрушұлы ату жазасына кесілген. Измайлов сотта жауап беруден бас тартады. Ол ұлтшыл көтерісшілерге қатысы бар екенін айғақтайтын дәлелдердің болмауына байланысты 1959 жылы  ақталады.

1

Музей деректеріне үңілсек, Қостанайда Ресейдің Қиыр Шығыс және Уссурий аймағынан  шыққан 100-ден астам кәріс ұлтының өкілі атылыпы. Кейбіреуіне қатысты қылмыстық іс бірнеше беттен тұрады. Олардың көбі орыс тілін білмегендіктен, кінәсін мойындаған.

Зобалаң жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған, ақталған азаматтар туралы мәліметтерді ҚР ІІМ ведомстволық web-порталының «Мемориал» республикалық сервисінен табуға болады.

–Бұл - еліміздің тарихындағы ерекше қаралы кезең. Біз әрқашан қуғын-сүргін құрбандарын еске аламыз. Бізде бұдан өзге ішкі істер органдарындағы ең көне музей жұмыс істеп тұр және онда көптеген тарихи экспонаттар бар. Сондықтан полиция қызметкерлері департамент мұражайына жиі барып, Қазақстан тарихымен және полицияның құрылу тарихымен танысады. Біз әрбір полиция қызметкері еліміздің тарихын білу керек екенін үнемі айтып отырамыз, - дейді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

4

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45