«Авиакомпанияларға билеттерді төтенше жағдай кезінде кешіктірілген немесе кейінге қалдырылған барлық рейстер үшін айыппұлсыз қайтару тапсырылды. Бізде бар нәрсе агрегаторлық компаниялар (Aviata, Tickets.kz) арқылы сату жүйесі қалыптасқан. Өкінішке қарай, олар тәуелсіз және басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан агрегаторлардың бөлігі болғандықтан бізге қиындық туғызады. Кейбір туристік фирмалар шетелдік кеңселерін сатып жатыр. Бұл жерде, әрине, азаматтық саладағы қайтарым мәселелерін сот жүйесі арқылы шешу керек», - деді Бейбіт Атамқұлов.
Министр авикомпанияларға берілген тапсырмаға тағы да тоқталып өтті.
«Авиакомпаниялар билеттерді айыппұлсыз толығымен қайтаруы немесе алдағы рейстер үшін ауыстыруы керек. Тиісінше біздің азаматтар да авиация саласы қатты соққы алғанын түсінуі керек. 450 рейстен тұратын 99 маршруттан бас тарттық. Ұшақтардың персоналы, адамы, жалақысы және техникалық қызмет көрсетуімен бірге авиакомпаниялар әуе кемелерінің тұрағына төлеген кезде үлкен қаржылық шығындарға ұшырады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде болған жағдай. Мұны да түсіну керек. Осы кезеңде сатылған көптеген билеттерді қайтару үшін мыңдаған сұраныс жасалған. Жұмыс жалғасуда », - деді министр.