Қаржы • 12 Маусым, 2020

12 айға болжам жасады

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы маусым айының алғашқы 10 күнінде қаржы нарығындағы кәсіби маман­да­рдың арасында сауалдама жүргізу арқылы бірқатар эко­но­ми­калық индикаторларға қатысты болжам жасады.

12 айға болжам жасады

Сауалдамаға банк секто­рын­дағы, сақтандыру сала­сын­дағы брокерлік қызметтегі ком­паниялардың өкілдері қа­ты­­сты. Зерттеу нәтижесінде мына индикаторларға қатыс­ты бол­жам нәтижелері ұсы­ныл­ды:

1. Brent маркалы мұнай баға­сы;

2. АҚШ долларына қа­тыс­ты теңге бағамы;

3. АҚШ долларына шақ­қан­да­ғы Ресей рублінің бағамы;

4. Ресей рубліне шаққан­да­ғы теңге бағамы;

5. Инфляция;

6. ІЖӨ;

7. Ұлттық банктің базалық ставкасы.

Сонымен, бір айда көле­мін­­­­де теңгенің долларға шақ­­­қандағы бағамы 406,4 теңге шамасында болады деп кү­ті­лу­де. Сауалдама жүр­гі­зіл­­­­ген уақытта, яғни маусым айының басында KESE-де 1 долларға шаққандағы ұлттық валю­та­мыз­дың бағамы 398,8-411,6 теңге аралығында тербеліп тұрды. Яғни теңгенің алдағы тер­белісіне сарапшылар оп­ти­мистік болжам жасап отыр­ған жоқ деуге болады. Бұл, біріншіден, бір ай ішінде мұнайдың баррелі 40 доллар төңірегінде сақталатынымен байланысты болып отыр.

Бір айта кетерлігі, мамырда өткен сауалдама кезінде респонденттердің 14 пайызы ғана ұлттық валютамыздың баға­мы 3,1 пайызға жақ­са­ра­тынын, сөйтіп, долларға шақ­қанда 411,55 теңгені құрай­ты­нын дұрыс болжаған екен.

Нарық қатысушылары ал­да­ғы 12 айда бірқатар көр­сет­кіштер жоғарылайды деген болжам жасап отыр. Айталық, 1 жыл ішінде Brent баррелі 45,8 долларға көтеріледі. Карантин режімдерінің бір­тіндеп жеңілдетілуі, ОПЕК+ ке­лісімі бойынша мұнай өн­д­­і­ру көлемінің төмен­дей­ті­ні шикізат нары­ғ­ындағы жағдайдың жақ­са­руы­на ықпал ететін негізгі факторлар ре­тін­де назарға алынып отыр.

Ал халықаралық шикізат нарығындағы жағдайдың оңал­­ға­ны Қазақстанның тең­ге­­сі мен Ресей рублінің АҚШ долларына қа­тысты бағамының ныға­юы­на оң ық­па­лын ти­гі­зе­ді. Келесі жылдың маусым айына дейін көрші елдің валютасына қатысты ұлттық валю­та­мыздың бағамы 5,82 теңге шамасында болуға тиіс.

Сарапшылар ІЖӨ-нің өсі­­міне байланысты болжамы өткен айдағы сауалдама нәти­­жесімен салыстырғанда жақ­сар­ғанын айта кеткен жөн. Ма­мыр айында респонденттер 1 жыл ішінде ІЖӨ бар болғаны 0,6 пайызға өсетінін айтқан болатын. Бұл жолы өсім көрсеткіші 0,8 пайызға дейін көтеріледі деп отыр.

Бір жыл көлемінде инфляция 7,5 пайызды құрайды. Бұл болжам мамыр айында бол­жанған межеден сәл тө­мен­­деу болғанымен, бәрібір Ұлт­­тық банк айқындаған мақ­сат­ты ­инфляция дәлізінен асып кетеді. Ұлттық банк 4-6 па­­йыз­­дық дәлізді жоспарлаған бо­ла­тын.

Респонденттердің көп­ші­лі­гі, яғни 56 пайызы жыл соңына дейін Ұлттық банк базалық мөл­шерлемені 9 пайызға дейін тө­мендетеді деп күтіп отыр. Апта басында Ұлттық банк жыл­дық мөлшерлеме 9,5 па­йыз деңгейінде сақталатынын хаба­рлаған болатын.

Қаржыгерлер қауым­дас­ты­ғының ай сайынғы сауалдамасына Қазақстанның халық банкі, Сбербанк, Forte­ba­nk, Банк центр кредит, АТФбанк, Еуразиялық банк, Қа­зақс­тан­ның тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі, Нұрбанк сын­ды екінші деңгейлі қаржы институттарының сарапшылары, Қазақстанның денсаулық сақтау және медициналық сақ­тандыру корпорациясы, Еуро­па­лық сақтандыру компания­сы сынды компаниялардың өкіл­де­рі қатысқанын айта кетейік.