Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Түркістан облысы – екінші орында

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 12%-ы Түркістан облысына тиесілі. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға егіліп, облыс құрылғалы бері егіс көлемі 12 мың гектарға артқан, - деп жазады Egemen.kz

Түркістан облысы –  екінші орында

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өңірдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 140 млрд теңге болып, республикадағы үлесі 15%-ға жеткен.

"Осылайша республика бойынша екінші орынды иемдендік. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімі өткен жылдан 77 млрд теңгеге артып, 706 млрд теңге көлемінде болады деп межеленген. Бүгінгі күнге өнім жинау науқаны басталып, 2,2 мың тонна бақша, 245,4 мың тонна көкөніс, 22,3 мың тонна картоп жиналды. Одан бөлек 727,2 мың тонна мал азығы дайындалды", деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Облыс бойынша масақты дақылдардан 477,4 мың тонна, дәндік жүгеріден - 202,8 мың, мақсарыдан - 74,4 мың, мақтадан - 334,8 мың, көкөніс, бақша, картоптан 2 млн 760 мың тонна өнім алу жоспарланған.

Сонымен қатар, өңірде тамшылатып суғару әдісі қосымша 1,7 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 19,3 мың гектарға жетті. Ал жылыжайлар 55,02 гектарға салынып, жалпы көлемі 1 168 гектар  болған. Бүгінгі күнге, жылыжайларда жалпы 88,2 мың тонна өнім өндірілді.

 

 

Түркістан облысы