Қарағанды облысындағы жер аяғы шалғайда орын тепкен Жәйрем кентінің әкімі Аманқазы Нәукенов жергілікті мәдениет қызметкерлерімен бірге "ТикТок" деген танымал биді нақышына келтіре орындаймын деп, айдың-күннің аманында басы дауға қалды.

Оқырманға түсінікті болуы үшін, оқиғаның қалай өрбігенін қысқаша баяндап өтейік. Осы жылдың 26 мамыр күні кент әкімі өзінің сөзі бойынша "елдің еңсесін көтерейік деген мақсатта" жергілікті мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірге "ТикТок" биін билеп, ізінше оның бейне ролигі WhatsApp желісі арқылы кент тұрғындары арасында тараған.
"Бір айналдырғанды шыр айналдырады" деген рас қой, ауыл арасын кезіп кеткен бейне роликті кенттің әсіреқырағы бір тұрғыны республикалық сайттардың біріне әлгі ватсап мессенджері арқылы салып жіберген көрінеді. "Одан әлеуметтік желілерге тарап, соңы мынадай болды... Әлеуметтік арақашықтықты сақтағанмен, маска кимегеніміз рас еді, ол қателікті мойындаймын...", дейді салы суға кеткен кент әкімнің өзі.
Иә, сөйтіп сәнді қара көзілдірік киген шендінің биі ғаламторды осылайша шарлап кеткен болатын. Жергілікті атқарушы биліктің бұған деген реакциясы да от алып қамысқа түскендей болды. Жәйрем кенті әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Қаражал қаласына қарайтындықтан, осы шаһардың басшысы Тілектес Досаев карантиндік шектеу кезінде "шектен шыққан" әкімге сөгіс жариялап, "Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру" жөнінде бұйрық та шығарып үлгерді. Мұндай шешімді қала әкімі жеке-дара қабылдады ма, жоқ әлде жоғарыдан түскен пәрмен бойынша белсенділік танытты ма, ол жағы әзірге белгісіз...
"Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің" демекші, енді әкіміміз әділетсіз жазаланды дегенді желеу еткен кент ақсақалдары жиылып, облыс басшысы Жеңіс Қасымбекке хат жазыпты. Оның бір данасын "Егеменнің" Қарағандыдағы тілшілер қосынына да жолдаған екен. Хатта ақсақалдар кент әкімінің карантин талабын сақтамағаны "қате де шығар" дей келе, мына бір жайтты ақтап алу аргументі ретінде алға тартады: "Бірақ, адам – пенде, кім қаталеспейді, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ деген халқымыз, екінші жағынан адамгершілік тұрғысынан қарағанда мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне қарай флешмоб ұйымдастыру құптарлық жайт және де осындай қиын кезде өз мүддесін, жеке басының қамы емес, мәдениет саласы қызметкерлерінің көңілін көтеруін көздегені анық" (Хаттағы және фейсбук желісіндегі пікірлердің мәтіні өзгертілмей, сол қалпы сақталды – Қ.Ә).
Жалпы, Жәйрем кенті ақсалдар алқасының төрағасы А.Тоқымбаев және аталған ұйымның бес бірдей мүшесі қол қойған бұл хатта әкім Аманқазы Нәукеновтің қызметіне оң баға беріледі.
"Домалақ арызбен қудалануға ұшырайтын репрессия заманы артта қалды деп ойлаймыз. Адамның ісінің дұрыс, не бұрыс екенін адамшылық тұрғысымен шешсек қателеспейтін сияқтымыз. Қазақ адамның жамандығын жасырып, жақсылығын асырған халықпыз", деген философиялық тұжырым да жасайды олар әлгі хатта.
Кенттің қадірменді қариялары облыс басшысына бағытталған хатты мынадай сөздермен түйіндепті: "Ақсақалдар алқасы халқымызбен де, әкіммен де біргеміз деп айтқымыз келеді. Біз біргеміз!".
Қазіргі таңда әкімнің "ТикТок"-тың түбін түсірген биі әлеуметтік желілерде, әсіресе, Facebook әлемінде қызу талқыға түсіп жатыр. Біреулер мемлекеттік қызметшінің бұл қылығынан кінә тауып, жерден алып, жерге салып жатса, енді бірі әкімді ақтап әуре. Мәселен, "Биші әкімге" бүйрек бұрғандар фейсбук парақшаларында мынадай пікірлер жазып қалдырған: "Дұрыс болмапты. Би де өнер. Билеген әкімді марапаттаудың орнына сөгіс бергені дұрыс болмапты. Президенттер де билеп жүр ғой... (Балтабек Түйетаев)", "Билесе, онда тұрған не бар? Басшыны да бір шеңберге салып қоюды қою керек қой. Жұмысына адал болса болды емес пе? (Гүлжан Амангелдіқызы)", "Мемлекеттік қызметкер этикасы туралы ереже бар, онда әкімге билеуге болмайды деген бап жоқ. Бізде қоғамда қызметтегілер осылай болу керек деген бір стереотип қалыптасқан, одан алшақ әрекет оғаш болып көрінеді. Әпербақан әкімнен гөрі биші әкім дұрыс шығар" (Дамеш Исаханова)", "Билегенде тұрған не бар екен. Позитивпен жұмыс істегеннің еш зияны жоқ. Алға! Келесісін күтеміз (Jasulan Seıilhan)"...
Осы және бұл оқиғадан шектен шыққан оспадар қылық көрмеген басқа да жанашыр пікірлерді оқи отырып, еріксіз ойға кетесің. Осы біз "Шаш ал десе бас алатын" ожарлау тәсілмен атқа мінген азаматтарды тым қатты тұқыртып жүрген жоқпыз ба, өзі? Әнтек шалыс қадам басқан әкім біткеннің басына осылайша әңгір таяқ ойната берсек, олардың жұрт алдындағы абырой-беделінің болашағы қандай болмақ? Одан бөлек, енді осы оқиғадан кейін әбден зәрәзәп болған әкім-қара өз көлеңкесінен өзі қорқып, жұрт арасынан безініп, кісікиік болып кетпей ме деген ой да келеді. Ал енді, ел басқарған азамат бұқара халықпен етене жақын аралас болып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істесе, сол жерде бірлік пен береке де қатар жүрмеуші ме еді?!
Міне, осылайша бірер күннің ішінде жалпақ жұртқа танымал болып, "жұлдыз" атанған Аманқазы Нәукеновтің өзі Жәйрем кентінде 2017 жылдан бері әкім ретінде қызмет етіп келе жатыр екен. Он мыңнан аса халық тұратын елді мекенде осы уақыт аралығында мешіт үйінің әсем ғимараты бой көтеріпті. Бұрын "ат қора" деген атауға ие болған әкімдіктің ғимараты мен мәдениет үйі күрдеулі жөндеуден өткен. Кенттегі ауыз су мәселесі де шешімін тауып, енді кәріз проблемасын реттеу қолға алынбақшы екен. Бұл мақсатқа деп биыл 50 млн теңге қаражат та бөлініпті. Ең бастысы, кент әкімі Жәйрем кен-байыту комбинатының басшылығымен тіл табыса жұмыс істейтін көрінеді. Соның арқасында, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кент бойынша бірталай мәселелер де шешімін тапқан деген әңгіме бар.
Қысқасы, ауыл халқы әкімдеріне шаң жуытқысы келмейді. "Осыны істеген азаматтың қандай мақсатты көздегенін түсіне алмадық... Біз ауылымыздағы айрандай ұйыған ынтымақты бұзуға жол бергіміз келмейді", деген жергілікті тұрғындар істің қиюын, елдің тілін тапқан әкімнен айырылып қаламыз ба деп уайымдайды. Ал, Жәйремнің әкімге араша сұраған ақсақалдар алқасы болса: "Кентіміздің күннен-күнге гүлденіп, көркеюі – бұл әрине, әкімнің салиқалы саясаты және адал еңбегінің арқасы деп білеміз", деген пікірге табанды нық тіреп отыр.
Осы орайда, Аманқазы Нәукеновтің Қарағанды облысы бойынша коронавирустің кесірінен сөгіс алған үшінші әкім екенін еске сала кеткіміз келеді. Бұдан бұрын облыстың басшысы КВИ кеселімен күресті әлсіретіп алғаны үшін Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімдеріне сөгіс жариялаған болатын.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар