Қоғам • 23 Маусым, 2020

Халықтың қорғаушысы һәм қамқоршысы

404 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркістан полициясы жаңа об­лыс орталығына қоныс аударған екі жылда біршама сын сәттерді еңсеріп, халықтың сені­міне ие болу бағытында ауқымд­ы жұмыстар атқарды. Осы уақыт аралығында өңір­де орын алған бірнеше таби­ғи, техногендік сипаттағы тө­тенше жағдайлар кезінде тәр­­тіп сақшылары өздеріне жүк­­телген міндеттерге жауап­кер­ші­лікпен қарап, мінсіз қыз­мет етті.

Халықтың қорғаушысы һәм қамқоршысы

Өткен жылғы Арыстағы жарылыс, биылғы коронавирус індетіне байланысты енгізілген тө­тенше жағдай, Мақтаарал ауда­нындағы су басу мәселесі, жаң­­бырдың шамадан тыс қатты жау­ғаны салдарынан бірнеше ауда­нда сел жүруі, Түркістан қала­сын­дағы қонақүйдің өртенуі, осы жағ­дайлардың бәрінде облыс поли­цейлері халықтың қорғаны екен­дігін көрсете алды. Соңғы екі жылда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түр­кістан облысында 1 поли­цей­дің «Айбын» орденімен және 8 полиция қызметкерінің «Ер­лігі үшін» медалімен мара­пат­тал­уы сөзімізге дәлел, қиын шақта ха­лық жанынан табылған жеке құрамның жетістігі десек қате­лес­песпіз. Облыс поли­цей­лерінің табиғи және техно­ген­дік апаттардан бөлек, ерлік тұр­ғысындағы мақтауға тұрарлық іс-әре­кет­тері де көп. Мысалы, қазы­­ғұрт­тық полицейдің бүтін бір от­ба­­сы­ның асыраушысын суицид жа­са­мақ­шы болған жерінен аман алып қалуы, көпірден секір­мек­ші болған келіншектің құтқа­рыл­уына қатысты оқиғаны айтуға болады. Түр­кістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генарал-майоры Қайрат Дәлбеков кез келген көмекке мұқтаж адамға қызметкерлері өз жанын тәуекел ете отырып, кө­мек қолын созатынына сенім­ді екенін айтады. «Менің талап ететінім де осы, полицей – халықтың қорғаушысы, жәр­дем­ші­сі, қамқоршысы бола білуі керек. Биыл облыста жыл басынан бергі бес айда жалпы тіркелген қылмыстың саны былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 25,8 пайызға төмендеді. Тарқатып айтсам, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, көше­де жасалған заңсыздықтар, бұ­рын с­отты болғандармен жасалған құқық бұзушылықтар 40 пайызға дейін азайды. Ал тонау 50 пайызға төмендесе, бұзақылық 42,2 пайызға кеміді. Сонымен қатар қылмыстық істердің ашылуы артты. Мұның бар­лығы Полиция департаменті Жер­гілікті полиция қызметі басқар­ма­сының құрылымдарымен қоғамдық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету және құ­­қықтық тәртіпті нығайту бағы­тын­­да ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижелері», дейді генерал-майор.

Жасөспірімдер арасындағы қыл­­мыс та едәуір азайған. Нақ­­тырақ айтсақ, бес айдың қоры­­тындысы бо­йынша өңір­де кәмелетке толмағандар ара­сын­дағы қылмыс 11,9 пайызға, яғни 84-тен 74-ке төмендеп отыр. Бұл орайда Полиция депар­та­ментінің бірнеше оқу орын­дарымен меморандум жасауы септігін тигізіп отырғанын айта ке­телік. Оқушылармен, студенттермен арнайы кездесулер өт­кі­зілген. Барлық қалалық, аудан­­дық полиция басқармалары мен бөлімдерінде студенттер арасында кәсіби бағдар беру жұ­мыс­та­ры үйлестірілді. «Ашық есік» күндері өткізілді. Жастарды ішкі істер саласына жұмысқа шақыра отырып, ол үшін қажетті шаралар түсіндірілген. «Осындай кездесулерден кейін жастар арасында нақ­ты шешім қабылдаған 52-сі қаңтар-ақпан айларында жария­лан­ған бос лауазымдар конкурсына қатысты. Үміткерлердің 41-і барлық сынақтан сүрінбей конкурстық ірік­теу­ден өтті. Соның 30-ы бос лауа­зым­дарға таға­йындалды. Ал 11 үміт­кер бүгінде департаменттің кадр­лық резервінде тұр. Бұдан бөлек, Полиция департаментінің жол­­да­ма­сымен Ішкі істер минис­тр­лі­­гі­нің Алматы қаласындағы оқу орта­лы­ғына бастапқы даярлық курстарына – 4, Ақтөбе оқу орта­лығына – 9, Қарағанды акаде­мия­сына 9 тағылымданушы жібе­ріл­ді», дейді Қайрат Дәлбеков.

Өңірде мал ұрлығы өзекті мәселе болып тұр. Қолға түсіп, тиісті жазасын алып жатқан ұрылар да аз емес. Мысалы, Түркістан және Кентау қалаларының аумағында құны 70 миллион теңгеден астам тұратын 150-ден көп жылқы мен сиыр ұрлауға қатысы бар, сол сияқты облыстың үш ауданында жайылымнан жылқы айдап әкету ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Кү­дік­­тілердің 14 мал ұрлығы оқиға­сы­на қатысы бары белгілі болды. Жәбірленушілерге кел­ті­ріл­ген шы­ғын­ның жалпы көлемі – 300 миллион теңгеге жуық. Ал Шардарада бірнеше жыл бойы заңсыз балық аулаумен айна­лысып келген ұйымдасқан қыл­мыс­тық топ ұсталды. Генерал-майор Қайрат Дәлбеков бұдан бөлек, пәтер ұрлығы, бұзақылық, ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұ­мыс­та­рында да айтар­лық­тай нәтиже бар­ын айтады. Полицейлер жыл басы­нан бері 52 қылмыскерді ұстаған. Олар­дың 10-ы ауыр және аса ауыр қыл­­мыс­­тары үшін іздестірілуде жүр­ген­дер.

Полицейлердің әлеуметтік мәсе­лесі де назардан тыс қал­ма­­ған. Бүгінге дейін 39 қызметкерге облыс орта­лы­ғын­дағы Отырар шағын ауданынан пәтер берілген. Таяуда тағы да бірнеше қызметкер жаңа пәтер­лерге қоныстанатын болады. Ал келесі жылы Полиция департаментінің Жедел басқару орта­лығы ғимаратының құры­лы­сы басталмақ.

 

Түркістан облысы