Ауылда бала кезімізде көктемде сарыала қаздарды, ара-тұра бәбісектерді көруші едік. Қазір қаладамыз, көп көрмеген соң құстардың заты тұрмақ, атын да ұмыта бастайды екенсің. Жасыратыны жоқ, қазіргі қазақтың көбі құс танудан қалып бара жатқаны рас. Бізден гөрі орыс ағайындарымыздың табиғатты, соның ішінде аң-құстарды аялауға келгенде оқ бойы озық тұрғандығын мойындауға тиіспіз.

Ернар Әуезовтің жолын жалғайтын қазақ жастары қайда?
Алысқа бармай-ақ өзім тұрып жатқан Шығыс Қазақстанды алайық. Білуімше, біздің облыста құстармен шұғылданып, індете зерттеп, санақ жүргізіп, олардың тағдыр-талайына алаңдап жүрген бірде-бір қазақ орнитологі жоқ. Ал өзге ұлт өкілдерінің, оның ішінде орыстардың құстарға соншалықты құштар, қанаттыларға өзгеше қамқорлықпен, ерекше мейіріммен қарайтынына қарадай қызығасың. Қашан көрсең, қыс демей, жаз демей, жауын-шашын, боран демей, тау-тасты, құз-қияны ерінбей-жалықпай аралап, аң-құсты тізімге алып, суретке түсіріп, соңынан кітап-альбомдар шығарып жүретініне кәдімгідей сүйсінесің. Бұл ретте Б.Щербаков, С.Стариков, Ю.Котухов секілді облыстағы орнитологтер есімін құрметпен атап өтуге тиіспіз. Біз аңғарған тағы бір дүние, қазақ фотографтарының көпшілігі таза ауаға шығып, табиғатты суретке түсіруге құмбыл болғанымен, тау кезіп, тас басып, аң-құсты фотоға тартуға келгенде кежегесі кейін тартатын секілді. Бір қарағанда, бір қарағанда емес-ау, шынында, арнайы уақыт бөліп, бәрін тастап, тау-тасты шарлап, аң-құсты суретке түсіру ғажабынан гөрі азабы көп жұмыс екені де рас.
Қазақ фотографтары осы азапқа (дұрысында, ғажап қой) шыдамайтын секілді, «Әй, қойшы соны» деп жандарын қинағысы келмейтін сияқты. Жуықта өңірімізге есімі белгілі жазушы, былтыр 80 жасқа толған өскемендік орнитолог Борис Щербаковқа хабарластым. Облыстағы аң-құстың жайын сұрастырып, сөз арасында өзімді көптен толғандырып жүрген «Қазақ неге құстарға қызықпайды? Облыста неге қазақ орнитологтері жоқ?» деген сауалымды қойдым. «Қазақтар табиғатқа, оның ішінде аң-құстарды зерттеуге көп қызықпайды. Кейде диссертация үшін жазады. Соңғы жылдары Ғылым академиясында Нұрдәулетов деген жігіт тұяқтыларды зерттеумен шұғылданып жүр», деп қысқа қайырды қарт орнитолог.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, бұрындары Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Жаратылыстану және экология факультетін басқарған, кейін проректор қызметін атқарған ботаник- ғалым, биология ғылымдарының докторы Анар Мырзағалиева қазақтардың орнитологияға қызықпауының бір себебін алдымызға тартты. «Шығыста орнитологиямен шұғылданатын қазақтардың жоқтың қасы екені рас. Мәселен, өзім еңбек еткен Аманжолов атындағы университетте орнитология биология факультетінде зоология курсының ішінде оқытылады. Константин Прокопов деген кісі сабақ береді. Шәкірттерді де сол кісі таңдайды. Ғылымды көтеру үшін әр ғалымның өзінің ғылыми мектебі болуы керек. Өзім Қуанышбек Сыбанбеков деген кісінің мектебінен өттім. Ол кісі біраз шәкірт тәрбиеледі. Университетте Жаратылыстану және экология факультетін басқарған уақытта биология кафедрасы арқылы «Қазақ балық шаруашылығы» институтының тапсырысымен қазақ балаларын балық шаруашылығына даярладық. Университетте өзімнің де ғылыми мектебім болды, шәкірттерімнің алды докторантурада оқып жатыр. Қазір жоғары оқу орындарының ғалымдарына өз ғылыми мектептерін дамытуға қолдау қажет, оларға қамқорлық жасау керек. Қамқорлық болмаған жағдайда ғылыми мектеп жойылады, сабақтастық үзіледі. Қазақ жастарының орнитология саласына бармауының бір себебін осыдан іздегеніңіз жөн шығар», дейді ботаник-ғалым.
Әрине, қазақ орнитологиясы сөз болғанда заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің құсшы ұлы Ернарды тебірене еске аламыз. Ернарды еске алғанда оның 1968 жылы Алакөл аралдарынан реликті шағала деп аталатын, әлемнің үш-ақ жерін мекен ететін ғажайып құсты тауып, тауып қана қоймай, 1972 жылы оған тұқым мәртебесін беріп, кейін «Алакөл» табиғи қорығының ашылуына себепкер болған жанкешті еңбегі ойға оралады. Өкінішке қарай бүгінде Ернардың есімін де, қанша жыл ғұмырын арнаған есіл еңбегін де ел ұмытып барады. Ернардың жолын жалғап жүрген қазақ жастары да ілуде біреу. Былтыр бір әріптесіміз: «Жалпы, Алакөлдің аралдарына немесе көрнекті бір жеріне Ернар мен шағаласының аты беріліп, поэтикалық мүсін орнатылса, өзімізге де, өзгелерге де (туристерге) маңызды мәлімет болар еді. Алакөлді туризм орталығына айналдыру үшін тер төгіп жүрген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осы ұсынысты жерге тастамай, жүзеге асырса игі еді», деп орынды ұсыныс жасаған болатын. Өткен жылы Алакөлдің Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігінде туристерге арналған музей ашылған еді. Келешекте осы музейдің бір бөлмесі Ернар Әуезовке, оның тапқан шағаласына арналса, ғибратты іс болары анық.
Қарт орнитологтің арманы
Қазақтың ғажайып ақындарының бірі Жұматай Жақыпбаевтың:
Жетпеспін сонау арманға,
Жеткенмен менде құдірет.
Ақынның тілін алған ба?
Ақымақ ғалам бір рет, – деп келетін өлең шумақтары бар еді. Ақын айтпақшы, ақымақ ғалам ақынның ғана емес, Борис Щербаков секілді шынайы табиғат жанашырлары, ғалым-орнитологтердің де тілін бір рет болсын алса ғой, арман-тілегін орындаса ғой деп ойлайсың кейде. Арман дегеннен шығады, қарт орнитолог бір жылдары Өскеменнің дәл іргесіндегі Шешек асуынан 110 гектар жер алып, оқушыларға арналған экологиялық қорық ашпақшы болыпты. Сол маңайдың фауна мен флорасын мұқият зерттеп, экологиялық соқпақтар әзірлеп, тіпті суырларға дейін әкеп жіберіпті. Не деген жанкештілік десеңізші. Орнитологтің жары Лариса Щербакова С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен бірге осы аумақта өсімдіктің 150 түрі бар екенін анықтапты. Сол маңдағы аңдар мен құстар да тізімге алыныпты. «Қала шетіндегі қорық Қазақстанды былай қойғанда, ТМД елдерінде жоқ еді. Ғажап идея еді бұл. Студенттер мен оқытушыларға, жалпы қала тұрғындарына таптырмас жер болатын еді», деп өкінеді әдемі идеясының жүзеге аспай қалғанына қапаланған кейіпкеріміз.
Айта берсек, 80 жастан асқан орнитологтің арманы көп. Бәлкім, көп арманының бәрі жүзеге аспаса да, бірі жүзеге асар. Өскеменде, қаланың қақ ортасында Жастар паркі (қазіргі Қайсенов саябағы) деп аталатын тамаша жер бар. Мұнда ағаштың түр-түрі өседі. «Біздің қаладағы саябақтар бір қарасаң әдемі, бір қарасаң, жұтаң. Жұтаң болатыны, құстар жоқ. Жастар паркіне Еуропа елдеріндегідей тиін жіберсе ғой, шіркін! Сонымен қатар саябақта бұлбұл секілді әнші құстардың жұмыртқа басуына жағдай жасалса жақсы болар еді. Өйткені мұндай құстардың қала аумағынан бой көрсетпегеніне 10-15 жыл болды. Оралту керек оларды. Ол үшін саябақ ішінде тығыз, қалың тоғайлар болуы қажет. Қалада қарлығаш та азайып кетті. 1968 жылдан бері Ертіс алабынан сарышымшық пен суық- торғайды көрген емеспін. Өскемендегі сол жағалаудағы су жағасынан, әсіресе күз мезгілінде тауқұдірет, шәукілдек, бөдене секілді құстарды көру әдепкі көрініс еді. 1970 жылдан бері бұл аяулы құстар көзден бұлбұл ұшты. Балықшы құс та мүлде жоғалды. Қарапайым қараторғайды көрмегелі де қай заман?! Қайсыбірін айтайын», дейді аң-құсты жанындай жақсы көретін ақсақал.
Ғалымдар Қазақстанда ұя баспайды деп жүрген 25 құстың ұя басатынын дәлелдеп, «Марқакөл» қорығын құруға атсалысқан, Риддер қаласы маңындағы «Батыс-Алтай» қорығын ашу бастамасын көтерген орнитолог өңірдегі сирек кездесетін аң-құстар мен өсімдік түрлерін сақтау үшін Шығыс Қазақстан аумағында әлі де бірнеше кешенді және зоологиялық қорықшалар ашу қажет деп санайды. Борис Щербаковтың пайымынша, Ертіс өзені бойында (Өскеменнен Шүлбі су қоймасына дейінгі аумақ) кешенді маусымдық қорықша, Батыс Алтайда (Дөңгелек төбе (Круглая сопка) мен таулы Үлбі ауданы аумағы және Иванов жотасындағы Громатуха шатқалы мен Аю соқпағы аралығында) екі кешенді қорықша, Оңтүстік Алтайда (Нарын мен Бұқтырма өзендерінің құйылар тұсы) зоологиялық қорықша, Зайсан қазаншұңқырында (Қара Бүйрек, Шекелмес шоқылары, Қиын Керіш, Ашутас табиғи ескерткіштері аумағы) кешенді қорықша, Маңырақ жотасында (Тарбағатай зоологиялық қорықшасы аумағына жақын Толағай төбесін) қорғалатын аумақ, Сауыр жотасында (Обалы өзені жазығы, оның төменгі ағысы, Кендірлік өзені, оның Қалқа өзеніне құяр төменгі ағысы, Сайқан жотасының беткейлері аумағы) кешенді қорықша, Алакөл ойпатында (Қаракөл өзенінің басталар тұсы мен Сасықкөлді Мың көл мекенімен қоса алғандағы аумақ) зоологиялық қорықша, Абай ауданында (Арқат тауы мен дала өзендері) кешенді қорықша және Қалба сілемдерінде (Сібе массиві және Айыртау төбесі Сартымбет көлімен бірге) кешенді қорықша мен зоологиялық қорықша құру керек. Өйткені бұл аумақтарда жылдан-жылға құрып, жойылып бара жатқан, Қызыл кітапқа енген, аса сирек кездесетін, оның ішінде тек біздің облысты ғана мекендейтін, яғни эндемикалық өсімдіктер, аңдар мен құстар бар.
Түйін
Әлемді жайлаған аты жаман індет туралы қазір әртүрлі пікір айтылып жатыр ғой. Сол көп пікірдің арасынан «Бұл – Алла тағаланың адамдарға жіберген сынағы. Індет дүние жүзіне тарап, адамдар үйден шықпағаннан кейін табиғи баланс қалпына келе бастады, табиғат тынығып, тазарып, жаңарып, жанданып жатыр» деген сөзді оқығанда кәдімгідей ойға қалғанымыз рас. Рас, қазір табиғат жарықтық тынығып, аң-құстары алаңсыз асыр салып жүр. Бәлкім, осы жағдай адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертер, жанашырлық сезімін арттыра түсер деп үміт етеміз.
Шығыс Қазақстан облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 22:10
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Ұқсас жаңалықтар