Саясат • 24 Маусым, 2020

Коронавирус диагнозынан қорықпау қажет

383 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Корона­вирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу» тақыры­бында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мен еліміздің жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева қатысты.

Коронавирус диагнозынан қорықпау қажет

Шара барысында Бас санитарлық дәрігер еліміздегі коммуникациялар қыз­метінің ақпараттық алаңында коро­­навирустық инфекцияның эпи­де­­миялық жағдайы туралы баян­дады.

«Бүгінде республикада 28 856 жағ­дай тіркелген. Оның ішінде 18 231 симптомы бар және 10 625 симп­том­сыз жағдай. Өткен аптада 7 840 жағ­дай тіркелген. Оның ішінде 2 923 симп­томы бар (37%), 4 917 симптом­сыз (63%). Алдыңғы аптамен салыстырған­да сырқаттану 1,4 есеге өскен. Сегіз аймақта – Ақмола, Қос­танай, Түркі­стан, Жамбыл, Солтүс­тік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Пав­ло­дар облыстарында өткен аптамен са­лыстырғанда сырқаттану 2 еседен 6 есеге дейін өсті. Бес аймақта – Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттану 20 пайыздан 50 пайызға дейін өсті. Қалған 4 аймақта Алматы, Шым­кент қалалары, Ақтөбе, Қара­ғанды облыстарында аурудың өсуі бай­қалмады. Жалпы, жағдайдың 37 пайызы байланыста болған адамдар арасында тіркелген. 38 пайы­зы профилактикалық тексеру кезін­де анықталған. 25 пайызы жіті респи­ра­торлық вирустық инфекциямен ауыратын пациенттердің арасында. Өткен тәулікте елімізде сырқаттанудың 499 жаңа жағдайы тіркелді. 816 симптомсыз вирус тасымалдаушы тіркелді. 127 науқас қайтыс болды. 11 158 адам емделіп шықты. Бір тәулік ішінде 261 адам емделді. 17 571 науқас емін жалғастыруда. Оның ішінде ста­цио­нарда 8 229, амбулаториялық бақы­л­ауда 9 342 адам бар. Жұмыста, отба­сын­да және қоғамдық ортада ви­рус жұқ­тыр­ғандармен байланыс қан­ша­лық­ты көп болса, вирустың таралу дең­гейі де соншалықты тез болады», деді А.Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол ПТР-тестілеулер­ге қ­атыс­ты да пікір білдіріп, наурыз айын­­да елімізде небәрі 34 зертханада 12 мың­ға дейін зерттеу жүргізген бол­са, бү­гінде зертханалар саны 56-ға же­тіп, кү­ніне 30 мыңға жуық зерттеу жүр­гі­зіліп жатқанын, наурыз айынан бері елімізде 1 400 000 зерттеу жа­сал­­­ғаны, оның 80%-ы қоғамның тиіс­ті мү­­­ше­­леріне тегін өткізілгенін атап өтті.

«ПТР-тест – бұл диагностика­лық тест. Яғни қандай да бір көрсеткіш­тер аясында жасалатын тест. Бұл көрсет­кіштер клиникалық және эпиде­миялық болып бөлінеді. Клиникалық көрсет­кіштер – ағзада коронавирус инфекциясы барын жоққа шығармай­тын ауру симптомдары бар адам­дарға арнал­ған тест. Бұл тест дәрігер­дің бағыт­тауы­мен өткізілуі шарт. Эпидемия­лық көрсеткіштер – бұл эпиде­миялық көрсеткіштер бойынша тест тапсыруға жататын адамдар тобына арналған. Яғни ең алдымен, корона­вирус инфекциясы бар науқаспен жа­қын байланыста болғандар. Бұл көр­сет­кішті эпидемиолог-дәрігер анық­тайды. Қазіргі таңда мемлекеттік және жекеменшік секторындағы жұ­мыс берушілер іссапардан немесе кезек­ті еңбек демалысынан келген жұ­мыс­шылардан ПТР-тестлеу­ден өтуін талап етеді. Осы жерде жұ­мыс беру­­­шілерге айтарымыз, егер сіздің кәсіп­ор­ныңыз ашық болса, бұл талап сіз­дің ұжымыңызды вирус­тың енуінен қор­ға­майды. Яғни жұмыскерлер мекеме­ге таңда келіп, кешке қайтып, күнде­лік­ті жұмыс режімімен жүреді. Ол жұ­мыс­тан шыққаннан кейін қоғамдық көлік­ке отырады, қоғамдық ортаға барады, достарымен кездеседі, қандай да бір қызметтер алады. Демек, вирус жұқ­тырып алу тәуекелі басым. Ал жұ­мыс берушінің ПТР-тест талап етуі зерт­­ха­налық орталықтарға қосымша жүк­теме туғызып, нағыз тест тапсыруы керек адамдардың тестке деген қол­жетім­ділігіне кедергі келтіріп отыр. Сон­дық­тан тестілеуден өтуі керек адамдар ғана тест тапсыруы қажет, деді А.Есмағамбетова.

 Жетекші инфекционист дәрігер Дина­гүл Баешева коронавирустың да бас­­қа жұқпалы аурулар сияқты әртүр­лі дәрежесі мен деңгейі бар екенін атап өтті.

«Вирус адам ағзасына кіргеннен кейін инкубациялық кезеңі басталады. Бұл дегеніміз – вирустың көбею уақыты. Ол кезең 14 күнге дейін созылады. Сол себепті ауырған адам 14 күнге дейін оқшаулануы керек деген ұстаным осымен байланысты. Негізінен, коронавирус диагнозы қойылды дегеннен шошы­мау керек. Себебі бұл вирус тұмау сияқ­ты тарап кетті, одан қорқудың қажеті жоқ. Дерттен жазылып шығу үшін тиісті шараларды орындау керек. Яғни, ең алдымен, оқшаулану, санитар­лық-гигиеналық талаптарды орындап, бөлмені жиі желдетіп, дезинфекция жасап отырсаңыз, соның өзі сізге үлкен көмек болады. Ал егер дене қызуы­ңыз көтерілсе демек, сіздің вирус­қа қарсы тұратын күшіңіз бар деген сөз. Алғашқы үш күнде тем­пера­тура көтерілуі мүмкін. Дене қызуын ағза көтере алуы үшін күш керек демек, дұрыс тамақтану қажет. Рационның нәрлі болуын қадағалап отырыңыз. Температураны елемей, өзге де істермен айналысуға болмайды, вируспен күресу жайын ойлау керек. Ауруды асқындырып алмау жағын ойласаңыз, аман-есен жазылып шығасыз», деді ол.

Сонымен қатар Д.Баешева вирус 60 жастан асқан адамдарға қауіпті екенін ескертіп, сақтық шараларына салғырт қарамауға шақырды.

«Әсіресе қосымша созылмалы аурулары бар адамдар, яғни жүрек ауруы, өкпе, бауыр, бүйректің созылмалы ауруы, артық салмақ және қант диа­беті бар адамдар денсаулығына мұқият болу қажет. Бұл аурудың тағы бір ерекше­лігі – оның көзге көрінбейтін клиникасы бары. Егер қандай да бір жақыныңыз немесе танысыңыз «бір апта болды, ентікпе пайда болды, шаршап қаламын» деген болса, міндетті түрде дәрігер шақырыңыз. Қазір ауырып жатқан адам көп, қоңырау шалғанда жедел жәрдем қызметіне бірден түсе алмауыңыз мүмкін. Сонда да түсіністік танытып, қайта хабарласыңыз немесе өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге ауру белгілерін айтыңыз», деді дәрігер.

Сондай-ақ ол коронавирусты ем­деу­де гидроксихлорохинді қалай пайдалану керегін айтты.

«Науқасқа қауіп-қатер мен пай­дасын ескере отырып, оны 5 күн бойы пайдаланады. Бүгінде еліміз­дің клиникалық хаттамасының тоғы­зын­шы редакциясы бар. Бұл хаттама­лар емдеуді білмейтіндіктен емес, жаңа ақпаратты алуға байланыс­ты өзгереді және бұл аурудың әр­түрлі патогенезі бар екенін көреміз. Гид­ро­к­сихлорохинге қатысты ха­лық­­аралық тәжірибемен ғана шек­те­ліп қалмаймыз. Бізде жақсы тәжі­рибе бар. Міне, вирусқа қарсы бас­қа пре­па­раттары жоқ кейбір емделу­шілер­ге қолдану (тәжірибе) гидрокси­хлоро­хин­нің вирусқа қарсы жақсы әрекет ете­тінін көрсетті. Сондықтан біз оны қатарынан емес, клиникалық-зерт­ха­налық көрсеткіштердің ауыр­лы­ғын ескере отырып пайдаланамыз. Еуро­пада да, АҚШ-та да кеңі­нен қол­данылады. Оның өліммен аяқ­талуы жоқ екендігі дәлелденді. Бірақ ко­мор­бидтік ауыр науқастар гид­рок­си­х­лорохинді қолданғаннан өлді. Сон­дықтан көптеген басқа ұсыныстар бар. Науқас үшін қауіп-қатер мен пай­­даны ескере отырып, оны 5 күн бойы пай­даланамыз. Біз жеткілікті жақсы нәти­желерді көріп отырмыз, сондықтан оны қолданамыз», деді Д.Баешева.